
Облыс әкімінің жариялаған абаттандыру айлығы аясында Екібастұз қаласында сенбіліктер мен көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Кеншілер саябағында 400-ден астам ағаш көшетін отырғызу жұмыстары басталды. Жалпы күзгі кезеңде саябақ аумағына 3500-ге жуық ағаш отырғызу жоспарланған.
Жоспарға сәйкес, оның 1000-ға жуығын саябақты қайта құру жобасы аясында мердігер ұйым отырғызады. Ал 2500-ге жуық ағашты қала құраушы кәсіпорындар отырғызады.
Көгалдандыру жұмыстарына кәсіпорын басшылары, аға буын өкілдері, жастар және қаланың белсенді тұрғындары қатысуда.
Аталған жұмыстар қаланың жасыл желек қорын арттыруға, қоғамдық кеңістіктерді абаттандыруға және Екібастұздың көрікті келбетін қалыптастыруға бағытталған.
Көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатын болады.






