2026 жылғы 26 қарашада Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі Жәнібек Тайжанов Ақмола облысының тұрғындарымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында өңірдің көлік инфрақұрылымын дамыту, автомобиль жолдарының жай-күйі, теміржол және автобус қатынасы, сондай-ақ әуежайды жаңғырту мәселелері қаралды.
Атап айтқанда, өңір тұрғындары жолаушылар пойыздарының санын көбейту және шағын елді мекендер тұрғындарының қажеттіліктерін ескере отырып, пойыздар қозғалысының кестесін түзету, жоғары жылдамдықты теміржол қатынасын дамыту перспективалары, сондай-ақ аудан орталықтары, ауылдық елді мекендер, Көкшетау және Астана қалалары арасындағы маршруттық желіні кеңейту мәселелерін көтерді.
Автомобиль жолдарының жай-күйіне және олардың сақталуын қамтамасыз етуге де ерекше назар аударылды. Тұрғындар көтерген мәселелер қатарында Көкшетау – Омбы, Жақсы – Чистополье автожолдарының жекелеген учаскелеріндегі жөндеу жұмыстарын аяқтау мерзімдері, сондай-ақ облыстық маңызы бар Еленовка – РММ – Чистополье автомобиль жолын жөндеу перспективалары болды.
Сонымен қатар автобус паркін жаңарту, жолаушылар тасымалының қауіпсіздігі мен сапасын арттыру, сондай-ақ өңір әуежайын жаңғырту жоспарлары талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша вице-министр азаматтарды жеке қабылдап, облыстың екі тұрғынының өтінішін қарады.
Көтерілген мәселелер қатарында автобус тасымалдарын субсидиялау тетігін, оның ішінде тарифтерді қалыптастыру тәсілдерін қайта қарау, сондай-ақ автобус парктерінің жүргізушілеріне жеңілдіктер беру мәселелері болды.
Кездесу және азаматтарды жеке қабылдау қорытындысы бойынша көтерілген барлық мәселелерге тиісті түсініктемелер берілді.
#заңментәртіп
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









