2026 жылғы 27 қарашада Алматы қаласындағы «Шапағат» КММ-де «Отбасын қорғау мәселелері бойынша бірыңғай құқықтық көмек күні» акциясы өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және отбасының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Кездесу барысында қатысушыларға құқықтық кеңестер беріліп, отбасы заңнамасы, ата-аналар мен балалардың құқықтарын қорғау, сондай-ақ отбасылық мәселелер бойынша заң көмегін алу туралы түсіндірілді.
Мұндай іс-шаралар азаматтардың өз құқықтарын жақсы білуіне және қажетті заң көмегін уақытында алуына көмектеседі.
Отбасын, ана мен баланы қорғау – адам құқықтарын сақтаудың маңызды бөлігі.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








