Еңбек ұжымдарымен еңбек құқықтарын сақтау мәселелері бойынша кездесулер өткізілді

    1 / 2

    Алматы қаласы бойынша Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың өкілдігі Алматы қаласы Білім басқармасына қарасты «№ 10 жалпы білім беретін мектеп-интернаты» КММ және «№ 17 мектеп-интернаты» КММ еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізді.

    Кездесу барысында еңбек заңнамасының сақталуы, қызметкерлердің құқықтарын қорғау, еңбек құқықтарына берілетін кепілдіктер, сондай-ақ қауіпсіз әрі қолайлы еңбек жағдайларын жасау мәселелері талқыланды.

    Қатысушыларға қызметкерлер мен жұмыс берушілердің құқықтары мен міндеттері, еңбек құқықтары бұзылған жағдайда оларды қорғау жолдары және тиісті мемлекеттік органдарға өтініш беру тәртібі түсіндірілді.

    Мұндай кездесулер қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және еңбек ұжымдарында адам құқықтарын құрметтеу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Алматы қаласы бойынша өкілі" жаңалықтары