Қызылорда облысының әкімдігі

    Әкімдік туралы

    Қызылорда облысы Қазақстан Республикасының оңтүстігінде орналасқан. Солтүстігінде Ұлытау, солтүстік-батысында Ақтөбе облыстарымен, оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде Өзбекстан Республикасымен, шығысында Түркістан облысымен шекаралас.

    Облыс 1938 жылдың 15 қаңтар күні құрылған. Әкімшілік орталығы - Қызылорда қаласы.

    «Қызылорда облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қызылорда облысының әкімдігі мен әкімінің қызметіне ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    Жер қазу жұмыстарын бастамас бұрын 1437 нөміріне хабарласуды ескертеді

    «Қазақтелеком» АҚ ұйымдар мен азаматтарға жерасты байланыс кабель желілері өтетін жерлерде жоспарланған жер жұмыстарын алдын ала хабарлауға арналған 1437 нөмірінің жұмысы туралы хабарлайды. Жер жұмыстарын бастамас бұрын қайда хабарласу керек? Жер жұмыстарын, траншея қазуды, құрылыс жұмыстарын, қоршаулар мен бағаналар орнатуды, коммуникациялар тартуды және топырақ қабатының бұзылуына байланысты басқа да жұмыстарды бастамас бұрын жоспарланған жұмыстардың орны мен сипаты туралы алдын ала хабарлау қажет. Бұл учаскеде байланыс кабель желілері мен «Қазақтелеком» АҚ-ның жерасты кабелінің бар-жоғын анықтауға және олардың зақымдануын болдырмау үшін қажетті шараларды қабылдауға мүмкіндік береді. Жер астынан кабель өтетінін қалай білуге болады? Егер байланыс кабелінің немесе «Қазақтелеком» АҚ-ның жерасты кабелінің қай жерде өтетінін білмесеңіз, жер жұмыстарын бастамас бұрын жоспарланған жұмыстар туралы 1437 нөмірі арқылы алдын ала хабарлау қажет. 1437 нөміріне хабарласқан кезде келесі ақпаратты ұсыну қажет: • жұмыстар жүргізілетін мекенжайы және нақты орны; • жоспарланған жер жұмыстарының түрі; • жауапты тұлғаның байланыс деректері. «Қазақтелеком» АҚ назар аударады: байланыс кабель желілеріне жақын жерде алдын ала хабарламай жер жұмыстарына кірісуге болмайды. 1437 нөміріне уақтылы хабарласу кабельдің, кабель инфрақұрылымының және байланыс желілерінің зақымдануын, байланыс қызметтерінің үзілуін, сондай-ақ зақымданған желілерді қалпына келтіруге байланысты қосымша шығындарды болдырмауға көмектеседі. Қандай жұмыстарды алдын ала келісу қажет? Жерді қазуға немесе топырақ қабатын бұзуға байланысты жұмыстарды жоспарлау кезінде 1437 нөміріне хабарласу қажет, соның ішінде: • траншея қазу; • құрылыс жұмыстарын жүргізу; • қоршаулар мен бағаналар орнату; • коммуникациялар тарту; • жол жұмыстарын жүргізу; • бұрғылау жұмыстарын жүргізу; • аумақты абаттандыру; • байланыс кабель желілері өтуі мүмкін жерлердегі басқа да жер жұмыстары. 1437 нөмірін есте сақтаңыз Жер қазсаңыз — алдымен 1437 нөміріне қоңырау шалыңыз. 1437 — жоспарланған жер жұмыстары туралы алдын ала хабарласыңыз. Бұл байланыс желілерінің тұтастығын сақтауға және қызметтердің тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге көмектеседі.

    15 қазан 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    «Еңбек Жолы» конкурсына қатысыңыз!

    «Еңбек жолы» конкурсын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес «Еңбек Жолы» конкурсын 2026 жылы өткізу туралы хабарлайды. «Еңбек Жолы» конкурсы жастарды еңбекті құрметтеу рухында тәрбиелеу, еңбек дәстүрлерін сақтау, көбейту мақсатында және үздік еңбек әулеттері мен өндірістің қарапайым жұмысшыларын айқындауға мүмкіндік береді. Конкурс «Жалпыға ортақ Еңбек қоғамы» ұранымен Еңбек адамының қоғамдағы беделін арттыруға және өнімді еңбекті ынталандыруға ықпал етеді. Конкурсқа құжаттар 2026 жылдың 1 шілдесіне дейін қабылданады. Конкурсты өткізу мақсаттары: 1) ұрпақтар сабақтастығын сақтау; 2) еңбек адамдары туралы оң қоғамдық пікір қалыптастыру және жаңа еңбек әулеттерін құру үшін кәсіпорындар мен ұйымдарда жағдайлар жасау; 3) қазақстандықтарда Қазақстан Республикасының экономикасын дамытуға елеулі үлес қосқан отандастарының жетістіктері үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу; 4) жастарды еңбекке құрметпен қарау, еңбек дәстүрлерін сақтау және көбейту рухында тәрбиелеу; 5) еңбек адамының қоғамдағы мәртебесін арттыру және еңбек өнімділігін ынталандыру. Конкурс 2 (екі) кезеңде өткізіледі: өңірлік және республикалық. Конкурсқа мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, салаға қарамастан кәсіпорындардың барлық қызметкерлері қатыса алады. Конкурсқа қатысушылар ұсынған материалдар негізінде конкурс жеңімпаздарын анықтау жөніндегі республикалық және өңірлік комиссиялар келесі номинациялар бойынша жеңімпаздарды анықтайды: 1) «Үздік еңбек әулеті»: Бұл номинацияда ең ұзақ еңбек өтілі, ең көп марапаттары бар әулет таңдалады. Еңбек әулеті – бір отбасының жақын туыстарының екі және одан да көп ұрпағы болып табылатын (ерлі-зайыптылардың бірі немесе екеуі балаларымен немесе немерелерімен), қазіргі уақытта еңбек қызметін жүзеге асыратын және осы кәсіпорында жиынтық жұмыс өтілі кемінде 20 жыл болатын бір ұйымның жұмыскерлер тобы. Еңбек қызметін бәрінен бұрын бастаған еңбек әулетінің өкілі әулеттің басшысы болып танылады. Еңбек әулеті ауылдың, ауданның (қаланың, облыстың) қоғамдық өміріне белсенді қатысуға, жастарды кәсіптік бағдарлауға жәрдемдесуге, өз кәсібін насихаттауға тиіс; 2) «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері»: Бұл номинацияда кемінде 20 жыл жұмыс өтілі бар ең жоғары тиімді тәлімгер таңдалады. 3) «Өндірістің үздік жас маманы»: Бұл номинацияда жұмыс өтілі 5 жылдан аспайтын ең белсенді және еңбекқор өндіріс қарапайым жұмыскері таңдалады; Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынылады: Конкурсқа қатысушылар екі данада қағаз және электрондық жеткізгіштерде келесі материалдарды ұсынады: 1) номинация көрсетілген, еркін нысандағы конкурсқа қатысу туралы өтінішті; 2) жеке куәліктің көшірмесін; 3) номинация тақырыбы бойынша 1-2 минуттан аспайтын бейнероликті (жұмыс орны және дағдылары көрсетілген); 4) конкурсант туралы (жұмысы, отбасы, қызығатын ісі, хоббиі және т.б.) 1 минуттан аспайтын компьютерлік презентация (Microsoft Power Point форматында); 5) еңбек әулетінің әр өкілінің немесе жұмыскердің жұмыс өтілін растайтын, жұмыс беруші куәландырған еңбек кітапшасының және өзге де құжаттардың көшірмелері (жұмыс орнынан анықтама); 6) жұмыс берушіден немесе кәсіподақтан ұсыным хат. Бар болған жағдайда (келесі құжаттардың көшірмелері): мемлекеттік немесе ведомстволық наградалардың, грамоталардың, алғыс хаттардың көшірмелері біліктілікті арттыру туралы сертификаттар (бар болса). Конкурсқа құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілдерінде ұсынылады. Конкурсты өткізу мерзімдері: 1 шілдеге дейінгі мерзімде өңірлік деңгейде үміткерлерден материалдар мен өтінімдерді қабылдау; 1 тамызға дейінгі мерзімде «Еңбек Жолы» республикалық байқауының облыстық комиссиясымен өңірлік деңгейдегі жеңімпаздарды анықтау; қыркүйекте өңірлік еңбек форумында жеңімпаздарды марапаттау; 10 тамызға дейін «Еңбек Жолы» байқауының өңірлік деңгейінен жеңімпаздардың материалдарын ҚР ЕХӘҚМ-не әрі қарай республикалық деңгейде қатысу үшін ұсыну; 1-15 қыркүйек аралығында республикалық комиссиямен «Еңбек Жолы» республикалық байқау деңгейінің жеңімпаздарын анықтау; қазан айында «Еңбек жолы» конкурсының жеңімпаздарын республикалық форумында марапаттау. Нақты ақпарат пен кеңесті келесі мекен - жайлардан алуға болады: Қызылорда қаласы, Бекзатхан Асқар көшесі, 47 мекен-жайында орналасқан Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының 212 каб., тел.: 26-38-20 немесе тұрғылықты жеріңіз бойынша аудандық және Қызылорда қалалық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері. Ескертпе: Конкурсқа өтінімдерді тұрғылықты жеріңіз бойынша аудандық және Қызылорда қалалық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне тапсыра аласыз. Еңбек әулеттерiнiң өкiлдерiн, сондай-ақ ынталы жас қызметкерлердi сондай-ақ олардың тәлiмгерлерiн Конкурсқа белсендi түрде қатысуға шақырамыз!

    3 маусым 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Хабарландыру

    «Қызылорда облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде “Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығына сәйкес 01.06.2026 ж.- 30.06.2026 ж. аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетінін хабарлаймыз. Жоғарыда аталған мемлекеттік мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер саласында әкімшілік тосқауылдар, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа әсер ететін себептер мен жағдайлар туралы ақпаратты [email protected] электрондық мекенжайына жолдауды сұраймыз. Бұл ақпарат сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдарды әзірлеу үшін пайдаланылатын болады.

    15 мамыр 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    «Парыз» конкурсына қатысуға шақырамыз

    «Парыз» — бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі Қазақстанның жеке кәсіпкерлік субъектілерінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік принциптерін қалыптастыру мен ілгерілету және оларды осы саладағы ең үздік тәрбиені енгізуге ынталандыру мақсатында жыл сайын өтетін конкурс. «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы» ҚР Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы №523 Жарлығына сәйкес, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, «Атамекен» одағы Қазақстан ұлттық экономикалық палатасы мен Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар Федерациясы – конкурстың ұйымдастырушылары болып табылады. Жеке кәсіпкерлік субъектілері қатысатын Конкурс өңірлік және республикалық деңгейлерде өткізіледі. Конкурс лауреаттары атақтары "шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі", "ірі кәсіпкерлік субъектісі" санаттарында келесі номинациялар бойынша беріледі: 1) "Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын". Бұл номинацияда өз персоналын қолдауға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды (еңбекақы мен әлеуметтік төлемдерді төлеуді, еңбекті қорғауды, кадрларды кәсіптік даярлау және қайта даярлау жүйесін ұйымдастыру және т. б.) іске асыратын үміткерлердің қызметі қаралады.; 2) "Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын". Бұл номинацияда еңбек қызметі процесінде қызметкерлердің денсаулығын сақтауға мүмкіндік беретін еңбек жағдайларын жасайтын үміткерлердің қызметі қаралады; 3) "Үздік ұжымдық шарт". Бұл номинацияда ҚР заңнамасында қарастырылған, қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын едәуір жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қарастырылады; 4) "Экологияға қосқан үлесі үшін". Бұл номинацияда қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын іске асыруда ерекше көзге түскен үміткерлердің қызметі қаралады. Конкурсқа қатысу тегін болып табылады. Үміткерлер жеке кәсіпкерлік субъектілерінің жұмысшыларының және қоғамның әл-ауқатын жақсартуға, оның ішінде корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін айқындайтын әлеуметтік бағдарламаларын ұсынуға міндетті. Бағдарламалар және олардың жобалары өз бетінше және/немесе жергілікті атқарушы органдармен және азаматтық қоғам институттарымен әріптестік сипатында және әлеуметтік саладағы оң өзгерістерге қол жеткізуге бағытталуы қажет. Әлеуметтік жауапкершілік бәсекелестікті арттыруға бағытталуы тиісті. Конкурсқа келесі үміткерлер қатыса алады, яғни: 1) қызметін 3 жылдан астам уақыт жүзеге асырған; 2) жойылу сатысында емес, банкроттық деп танылмаған; 3) еңбек заңнамасының бұзылуына жол берілмеуі керек, оның ішінде жалақыға және жұмысшыларға төленетін өзге де төлемдер бойынша қарызының болмауы қажет; 4) жұмысшыларымен ұжымдық-еңбек даулары болмауы қажет; 5) Қазақстан Республикасының аумағында саяси, кәсіподақ және діни ұйымдардың іс-әрекетін қолдауға бағытталмаған әлеуметтік және қайырымдылық шараларды жүзеге асырған; 6) конкурсқа қатысуға берілетін өтінімдегі ақпараттар шынайы көрсетілген, сонымен қатар құжаттарын толық көлемде тапсырған. Үміткерлер конкурсқа қатысу үшін құжаттарын hr.enbek.kz сайты арқылы тапсырады. Соңғы екі жыл ішінде лауреат болған номинация бойынша қайтадан қатыса алмайды. Нақты ақпарат пен кеңесті келесі мекен жайдан алуға болады: Қызылорда қаласы, Бекзатхан Асқар көшесі, 47 мекен-жайында орналасқан Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының 212 каб., тел.: 26-38-20 немесе тұрғылықты жеріңіз бойынша аудандық және Қызылорда қалалық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері.

    17 сәуір 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Аяқталуы қауіпті «Тегін кітаптар»

    Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қылмыстық қатерлер мен қоғамдық қауіпсіздік тәуекелдерін болжау орталығы интернет-алаяқтықтың жаңа схемасы туралы ескертеді. Шетелдік дереккөздердің мәліметтері бойынша (https://vz.ru/news/2026/1/4/1385164.html, https://www.ixbt.com/live/offtopic/mvd-predupredilo-ovredonosnyh-zagruzkah-cherez-knizhnye-boty-v-telegram.html) алаяқтар тегін электрондық кітаптар ретінде Telegram-ға зиянды файлдарды таратады. Алдау схемасы өте қарапайым: Сіз Telegram-нан кітаптардың үлкен кітапханасына қолжетімділік туралы шектеусіз хабарлама аласыз. Қажетті басылым сұралғаннан кейін бот нақты сервиске имитиция жасай отырып, кітап сюжетінің қысқаша сипаттамасын жасайды, бірақ кітапты оқу немесе жүктеудің орнына Сізге «арнайы қосымша» деген атаумен вирустық файл жібереді. Файлды орнату өте ауыр салдарға әкеледі: парольдер мен ақшаларды ұрлау, хат алмасу және фотосуреттерге қол жеткізу, смартфонды қашықтан басқару және жеке деректерді жоғалту. Бейресми көздерден басқа қосымшаларды орнату жағымсыз салдарларға әкеп соғуы мүмкін. Кибергигиена ережелерін сақтау және жеке қырағылық осындай қауіп-қатерлерден қорғаудың негізгі шаралары болып қалуда.

    23 қаңтар 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    AGENT&IRBIS

    Логлайн Интерпол агенті Айжан синтетикалық есірткі мен химиялық қару жасап жатқан халықаралық экстремисті қуалайды. Айжан сатқындықты сезіп, ешкімге сенбейді. Оған көмектесетін – бала мінезді, әзілқой такси жүргізушісі Азамат, отбасылық достарының ұлы. Айжан Азаматтың ІІМ-нің жасырын қызметкері екенін білмейді. Екеуі бірге із кесіп, қудалауға, атыс-шабыс пен өлімге бас тіккен жекпе-жектерге тап болады. Қиындықтар оларды жақындастырады, олар бір-біріне ғашық болады. Бірақ өтірікке негізделген қарым-қатынас өміршең бе? Шындық бәрібір ашылады. Қысқаша синопсис Алматыға Интерполдың Лиондағы штаб-пәтерінен арнайы агент Айжан Ашимова келеді. Көрікті, өткір мінезді, туған еліне мектептен кейін бірінші рет оралып отыр. Айжан – халықаралық экстремист, Юсуф не Юду деген атпен танымал қылмыскердің ізіне түскен. Ол синтетикалық есірткі мен химиялық қару жасап, таратумен айналысады. Еуропада Айжанның серіктесі әрі жақын досын өлтіріп кеткен. Сондықтан Айжан сатқындықтан қорқып, ешкімге сенбейді. Юду ауа арқылы тарайтын жаңа есірткі ойлап тапқан. Бұл зат бір рет қолданғаннан-ақ тәуелділік тудырып, өте ауыр абстиненцияға әкеледі. Құрығына түскен адамдар жаңа доза алу үшін кез келген нәрсеге баруға дайын. Ал ол дозаны тек Юдуден ғана алуға болады. Бұл оған шексіз билік береді. Юдудың басты нысанасы – 1,5 миллиард тұрғыны бар Қытай. Ал Қазақстан – оның басты операциялық базасы. Мұнда ол есірткіні өндіреді, тәжірибелер жүргізеді. Айжанға көмекке – қарапайым, әзілқой таксист Азамат келеді. Ол – Айжанның отбасы достарының ұлы. Айжан оның Ішкі істер министрлігінің жасырын агенті, тәжірибелі жедел қызметкер екенін білмейді. Екеуі бірге Юдудың ізіне түседі. Бастапқыда бір-бірімен тіл табысу оңайға соқпайды – Айжан суыққанды, мақсатына берік, Еуропадан алған тәкаппарлығы бар, ал Азамат – қалжыңқой, халықтың ішінен шыққан жігіт. Бірақ оларды ортақ борыш, патриотизм мен жанқиярлық біріктіреді. Кенеттен Айжан Азаматтың «жай» әңгімелерінің өзінде мән жатқанын түсінеді. Ол басқа қырынан ойлай бастайды, тергеу алға жылжиды. Қиындықтар оларды жақындастырады, олар бір-біріне ғашық болады. Қудалау, атыс-шабыс, өлім мен өмір арпалысы. Юду мен оның жақтастары үшін жер тозаққа айналады. Бірақ жау оңай берілмейді. Ол айлакер, қатыгез және ешнәрседен тайынбайды. Азаматқа күн өткен сайын Айжаннан шындығын жасыру қиындай түседі. Ақыр соңында, қауіпті сәтте, ол өзінің кім екенін ашуға мәжбүр болады. Айжан оны кешіре ала ма? Екеуі ортақ мақсат үшін менмендікті ысырып тастай ала ма? Финалдық шайқас барлығын орнына қояды. Қаһармандардың айырмашылықтары көп, бірақ мақсаттары бір – қарапайым халықтың қауіпсіздігі. Олар – соңғы қорғаныс шебі, қателесуге хақылары жоқ.

    5 қыркүйек 2025 ж.Тікелей

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Жобалық офис басшысының негізгі функциялары қандай?

    Жауап

    Қазақстан Республикасында мемлекеттік органдардағы жобалық басқару Қазақстан Республикасының жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларымен реттеледі. Жобалық офис басшысының негізгі функцияларына: • жобалық офистің қызметін тікелей басқару; • жобалар мен бағдарламаларға қатысушылардың өзара іс-қимылын ұйымдастыру; • жобалық қызметті іске асырудың барлық кезеңдерінде үйлестіру; • жобалардың орындалу барысын мониторингтеу; • жобалық командаларға ұйымдастырушылық, ақпараттық және әдістемелік қолдау көрсету; • жобалық басқарудың цифрлық жүйесінде қажетті ақпарат пен құжаттардың жүргізілуін қамтамасыз ету; • туындайтын мәселелер мен кедергілерді шешуге ықпал ету жатады. Бұл ретте жобалық офис басшысы мен жоба басшысы бірдей рөл емес. Жоба басшысы нақты жобаның мақсаттары мен нәтижелеріне қол жеткізуді қамтамасыз етеді, ал жобалық офис басшысы жобалық офистің жұмысын және бірнеше жоба/бағдарлама қатысушыларының үйлесімді жұмысын ұйымдастырады.

    Сұрақ

    Құрылыс-монтаждау жұмыстарының (ҚМЖ) сапасына кім жауапты?

    Жауап

    Құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасын қамтамасыз етуге құрылыс процесіне қатысушылардың әрқайсысы өз құзыреті шегінде жауап береді. Мердігер орындалатын құрылыс-монтаждау жұмыстарының бекітілген жобалау құжаттамасына, құрылыс саласындағы нормативтік талаптарға және шарт талаптарына сәйкес орындалуын қамтамасыз етуге міндетті. Сонымен қатар, құрылыс объектісінде техникалық және авторлық қадағалау жүзеге асырылады. Олар өздеріне заңнамада белгіленген функциялар шегінде құрылыс барысы мен орындалатын жұмыстардың сәйкестігін бақылайды. Егер құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасында ақаулар немесе жобалық және нормативтік талаптардан ауытқулар анықталса, оларды жою бойынша тиісті шаралар қабылданады.

    Сұрақ

    Жобалау-сметалық құжаттаманың (ЖСҚ) сараптамасы деген не және ол қандай нысандарға міндетті?

    Жауап

    Жобалау-сметалық құжаттаманың (ЖСҚ) сараптамасы – құрылыс жобасының заңнамаға, бастапқы рұқсат беру құжаттарына, жобалауға арналған тапсырмаға және мемлекеттік нормативтік талаптарға сәйкестігін бағалау рәсімі. Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы заңнамасына сәйкес міндетті сараптамаға, атап айтқанда: • бюджет қаражаты немесе мемлекеттік инвестициялардың қатысуымен қаржыландырылатын ғимараттар мен құрылыстардың, олардың кешендерінің, инженерлік және көлік коммуникацияларының құрылысына арналған ТЭН мен ЖСҚ; • заңнамада белгіленген мемлекеттік қатысуы бар жобалар; • қаржыландыру көзіне қарамастан, заңнамада мемлекеттік монополияға жатқызылған техникалық және/немесе технологиялық күрделі, сондай-ақ ықтимал қауіпті объектілердің жаңа құрылысына арналған жобалар жатады. Сараптаманы тиісті аккредиттелген сараптама ұйымдары немесе заңнамаға сәйкес мемлекеттік сараптама ұйымы жүргізеді. Сондықтан «барлық I және II жауапкершілік деңгейіндегі объектілерге сараптама міндетті» деп жалпы түрде айту дұрыс емес. Нақты объект бойынша сараптаманың қажеттілігі оның санатына, техникалық күрделілігіне, қауіптілігіне, қаржыландыру көзіне және заңнамада белгіленген өзге де талаптарға байланысты анықталады.

    Сұрақ

    109 деген қандай қызмет?

    Жауап

    109 – тұрғындардың жергілікті маңызы бар мәселелер бойынша өтініштерін қабылдауға арналған бірыңғай байланыс арнасы. Байланыс орталығы өтініштерді телефон арқылы, сондай-ақ тиісті цифрлық арналар арқылы қабылдап, оларды ақпараттық жүйеде тіркейді. Келіп түскен өтініштер мазмұнына қарай тиісті мемлекеттік органдарға, коммуналдық қызметтерге және басқа да жауапты ұйымдарға жолданады. Жауапты орындаушылардың өтініштерді қарауы мен орындау барысы бақылауда болады. 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданыстағы талаптарға сәйкес жергілікті атқарушы органның контакт-орталығы «109» бірыңғай нөмірі бойынша тәулік бойы өтініш қабылдауды қамтамасыз етеді.

    Сұрақ

    109 нөміріне қандай жағдайларда хабарласуға болады?

    Жауап

    109 бірыңғай байланыс орталығы арқылы тұрғындар жергілікті атқарушы органның құзыретіне жататын мәселелер бойынша өтініштер мен хабарламалар бере алады. Оның ішінде: • көшелер мен аулаларды абаттандыру және тазалау; • сыртқы жарықтандыру; • сумен, жылумен және газбен қамтамасыз ету; • жолдардың және жол инфрақұрылымының жай-күйі; • коммуналдық мәселелер; • аумақтарды санитариялық күтіп-ұстау; • басқа да жергілікті маңызы бар мәселелер. Келіп түскен өтініштер тіркеліп, мазмұнына қарай тиісті мемлекеттік органға, коммуналдық қызметке немесе жауапты ұйымға жолданады. Орындалу барысы ақпараттық жүйе арқылы бақыланады.

    Сұрақ

    Ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері қайда жарияланады?

    Жауап

    Музейдің ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері зерттеу жұмысының сипатына қарай мынадай ақпараттық алаңдарда жарияланады: • ғылыми журналдарда және ғылыми жинақтарда; • ғылыми-практикалық конференциялар материалдарында; • музейдің ресми интернет-ресурсында; • музейдің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында.

    Қаулы

    2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қызылорда облысы мәслихатының депутаттарын сайлауға «Әділет» партиясы» қоғамдық бірлестігі Қызылорда облыстық филиалының партиялық тізімін тіркеу туралы

    Жарияланды:
    Қаулы

    2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қызылорда облысы мәслихатының депутаттарын сайлауға «Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігі Қызылорда облыстық филиалының партиялық тізімін тіркеу туралы

    Жарияланды:
    Жоба

    «2027-2029 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешім жобасын Қызылорда облыстық мәслихатының қарауына ұсыну туралы

    Жарияланды:
    Президент Жолдауы

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

    Жарияланды:
    Жоба

    Қызылорда облысы бойынша 2026 жылға арналған ауыл шаруашылығы жануарлары басының азығына жұмсалатын шығындардың құнын арзандатуға субсидия нормативін, сондай-ақ өлшемшарттарын, субсидия алуға өтінім нысанын және өтінім беру мерзімін бекіту туралы

    Жарияланды:
    Жоба

    Қызылорда облысы бойынша ауылдық елді мекендердегі аса тапшы медициналық мамандықтарды айқындау туралы

    Жарияланды: