Облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен мәжіліс өтті. Онда 2026 жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары, бюджет қаражатының игерілуі және салық базасын ұлғайту мәселелері қаралды.
Мәжілісте облыстық экономика және қаржы басқармасының басшысы Сәкен Мырзабек, облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев баяндама жасады.
Аймақ басшысы қала және аудан әкімдеріне кіріс көздерін ұлғайтуды, бюджет және салық түсімдері бойынша қалыптасқан олқылықтардың орнын толтыруды тапсырды.
«Қала, аудан әкімдіктері, резерв көздерін өз аумақтарыңыздан іздестіріп, жұмысты жандандыру қажет. Мемлекеттік кірістер департаментімен бірлесіп, жоспарланған түсімдерді толық орындауды қатаң тапсырамын», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.
Өткен жылдардағы салық берешектерін өндіріп алу және алдағы уақытта берешектің өсуіне жол бермеуге қатысты Қызылорда қаласы мен аудан әкімдіктеріне, мемлекеттік кірістер, полиция және экология департаменттеріне нақты міндеттер жүктелді.
Сондай-ақ экологиялық талаптардың сақталуын қадағалай отырып, рұқсатсыз қызметтерді анықтау және қоршаған ортаға келтірілген зиян үшін төлемдер толық түсуі қажет. Еңбекақы қорын заңдастыру, жасырын табыстар мен төлемдерді анықтау керек. Осы мақсатта банк аударымдарымен қолма-қол ақша айналымына талдау жүргізіп, салық салу базасын кеңейтуге басымдық беру тапсырылды.
Салық түсімдерін арттыру және бюджет қаражатын толық игеру мәселелері талқыланды
1 / 5
Ұқсас материалдар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Қазақстан Республикасының Астрахань қаласындағы Бас консулдығыАшу
Маңызды ақпарат: мұнай өнімдеріне салынатын акциз мөлшерлемелері
Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіАшу
«Алтын Дала» резерватында құстардың күзгі қоныс аударуы бақылануда
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіАшу
Азаматтарды қабылдау!
Атырау облысы Экономика және қаржы басқармасыАшу
Заңсыз аңшылық үшін қандай жауапкершілік қарастырылған?
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіАшу
"Қызылорда облысының әкімдігі" жаңалықтары

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
Қызылорда облысының әкімдігіАшу
«Заң мен тәртіп»: қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері қаралды
Қызылорда облысының әкімдігіАшу
Мемлекеттік Ту көтеру рәсімі өтті
Қызылорда облысының әкімдігіАшу
Қызылордада ат бәйгесі өтті
Қызылорда облысының әкімдігіАшу
«Алтын күз – 2026»: 1200 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімдері ұсынылды
Қызылорда облысының әкімдігіАшу