Қызылордадағы Мемлекеттік рәміздер аллеясында ұлттық мереке - Республика күніне орай Мемлекеттік Ту көтеру салтанатты рәсімі өтті.
Әскери хор еліміздің Әнұранын орындады.
Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, құқық қорғау органдарының басшылары, зиялы қауым өкілдері және қала тұрғындары қатысты.
Аймақ басшысы жиналған жұртшылықты Республика күнімен құттықтады.
«Баршаңызды халқымыздың ең қастерлі мерекесі – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бүгінгі күн – рухымызды көтеріп, елдігімізді нығайтатын, бірлігімізді бекемдеп, ынтымағымызды арттыратын маңызды мереке.
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы «Тәуелсіздік – бәрінен қымбат құндылығымыз. Оны сақтап, нығайта түсу – баршамызға ортақ қасиетті борыш» деген болатын.
Биыл біз ұлттық мерекені ел Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңында атап өтудеміз.
Халқымыз егемендік жылдарында көптеген белесті абыроймен еңсерді.
Мемлекетіміздің өркендеуі мен ел мерейінің үстем болуы – байыпты саясаттың, қажырлы еңбектің қоғамдағы тұрақтылық пен бірліктің жемісі.
Көк байрағымыз әрдайым биікте желбіреп, еліміздің абыройы асқақтай берсін!», - деді Мұрат Нәлқожаұлы.
Мемлекеттік Ту көтеру рәсімі өтті
1 / 14
Ұқсас материалдар

Қазақстан мен NVIDIA физикалық жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастықты дамытуда
Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы ЕлшілігіАшу
РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ТҮРКІСТАНДА ҰЛТТЫҚ СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы Отырар ауданы Шәуілдір ауылдық округі әкімінің аппаратыАшуПайдаланушы абоненттерге хабарлау жылумен жабдықтау қызметтерімен!
Федоров ауданының әкімдігіАшу
«Тұлпар мініп, ту алған»: Қарағанды облысында әскерилер арасындағы пилоттық жоба сәтті аяқталды
Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасыАшу
ТҮРКІСТАНДА ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ МҰРАСЫНА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМ ӨТТІ
Түркістан облысы Отырар ауданы Шәуілдір ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу
"Қызылорда облысының әкімдігі" жаңалықтары

Қызылордада ат бәйгесі өтті
Қызылорда облысының әкімдігіАшу
«Алтын күз – 2026»: 1200 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімдері ұсынылды
Қызылорда облысының әкімдігіАшу
«Сұлу сырдан сазды сәлем»: Бейжің аспанында қазақ әні қалықтады
Қызылорда облысының әкімдігіАшу
Республика күні: Ерен еңбекке – елеулі құрмет
Қызылорда облысының әкімдігіАшу
«Алтын күз – 2026»: Ел ырысын еселеген дала еңбеккерлеріне құрмет көрсетілді
Қызылорда облысының әкімдігіАшу