«Тұлпар мініп, ту алған»: Қарағанды облысында әскерилер арасындағы пилоттық жоба сәтті аяқталды

    1 / 7

    22 қазан күні Қарағанды облысының әкімдігінде «Тұлпар мініп, ту алған» жыр бәйгесінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Қарағанды облысы әкімдігінің қолдауымен, Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен өткен шарамен өңір бойынша әскерилер арасындағы пилоттық жоба аяқталды.

    Жобаға 500-ден астам жас сарбаз бен 100-ден астам әскери жетекші қатысуға ниет білдірді. Сайыс қорытындысы бойынша:

    I орын – 6505 әскери бөлімінің жауынгері Мұхамедәлі Әбдуәли, «Bolashaq» академиясының білім грантына ие болды;

    II орын – 6505 әскери бөлімінің жауынгері Ермек Жумин;

    III орын – 5451 әскери бөлімінің жауынгері Әлішер Сайлау;

    III орын – 31775 әскери бөлімінің жауынгері Маңғыстау Буранбай .

    Ынталандыру сыйлығының иегерлері:

    🎖️ Дәуіт Асылхан Әбилқасымұлы, 5516 әскери бөлімі, Ұлттық ұланның «Орталық» өңірлік қолбасшылығы;

    🎖️ Бейсембай Диас Нұрланұлы, 5516 әскери бөлімі, Ұлттық ұланның «Орталық» өңірлік қолбасшылығы.

    Марапаттау рәсімі барысында ҚР Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұланның «Орталық» өңірлік қолбасшылығымен және ҚР Қорғаныс министрлігінің «Астана» өңірлік қолбасшылығымен үшжақты ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.

    Әлібек Үсенұлы Әлденейдің айтуынша, бастама ана тілінің қолданыс аясын кеңейтуге, ұлттық құндылықтарды насихаттауға және әскери қызметшілердің зияткерлік әлеуетін дамытуға бағытталған. «Тұлпар мініп, ту алған» жыр бәйгесі бұдан былай жас сарбаздар арасында тұрақты түрде ұйымдастырылады. Сонымен қатар, оның сөзінше, келесі кезеңде биыл күзде әскерге шақырылған жастар ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұра тізіміне ұсынылған «Алпамыс батыр» эпосын жаттап, бақ сынасады.

    #ТұлпарМінІпТуАлған #РеспубликаКүні #ҚазақТілі #ҰлттықҰлан

    #ҚорғанысМинистрлігі

    #ҚарағандыОблысы

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" жаңалықтары