Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғауға, зорлық-зомбылықтың алдын алуға және әрбір баланың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған заңнамалық және институционалдық реформалар жүзеге асырылуда.
Осы мәселелер Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың Қазақстанға жұмыс сапарымен келген БҰҰ Бас хатшысының балаларға қатысты зорлық-зомбылық мәселелері жөніндегі арнайы өкілі Наджат Маалла Мджидпен кездесуінің негізгі тақырыбы болды.
Кездесуге Қазақстан Республикасы Құрылтайы Төрағасының орынбасары, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева, БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) және Оқу-ағарту министрлігінің қызметкерлері де қатысты.
Жұлдыз Сүлейменова балалардың құқықтарын қорғаудың ұлттық жүйесіндегі негізгі өзгерістерді, сондай-ақ 2026–2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» тұжырымдамасының басты бағыттарын таныстырды.
Балаларды қорғау инфрақұрылымын дамытуға ерекше көңіл бөлінді. Өңірлік бала құқықтарын қорғау басқармаларын құру, қорғаншылық және қамқоршылық органдары мен психологиялық қолдау орталықтарының жұмысын жетілдіру, көмекке мұқтаж балаларды ерте анықтау және бейінді қызметтердің өзара іс-қимылы талқыланды.
Сондай-ақ зорлық-зомбылық пен буллингтің алдын алу, білім беру ұйымдарындағы психологиялық қауіпсіздікті нығайту және балалардың, оның ішінде «111» байланыс орталығы арқылы көмекке жүгіну мүмкіндіктерін кеңейту шаралары қарастырылды.
Оқу-ағарту министрі БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілімен кездесті
1 / 5
Ұқсас материалдар

Дмитрий Заборских: Әрбір жаңа нысанның артында үлкен жұмыс тұр
Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментіАшу
Жетісу ауданында Республика күніне арналған мерекелік концерт өтті
Жетісу ауданы әкімінің аппаратыАшу
400-ден астам адам. 140 көшет. 112 текше метр қоқыс.
Жетісу ауданы әкімінің аппаратыАшу
Республика күні қарсаңында үздік қызметкерлер марапатталды
Жетісу ауданы әкімінің аппаратыАшу
Республика күніне орай Мемлекеттік Ту көтерілді
Жетісу ауданы әкімінің аппаратыАшу
"Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі" жаңалықтары

Қазақстанда оқушылардың кітап оқу мәдениетін дамыту мүмкіндіктері кеңейіп келеді
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіАшу
Мектептерде күзгі демалыс басталды
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіАшу
Оқу-ағарту министрі АҚШ-та үздік бестікке енген жас дроншыларды Астанада қарсы алды
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіАшу
Оқу-ағарту министрі Республика күніне орай сала қызметкерлерін марапаттады
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіАшу
Республика күніне орай Қазақстанда 10 жаңа білім беру нысаны ашылды
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіАшу