Жетісу ауданындағы №2468 әскери бөлімде Республика күніне арналған салтанатты шара өтті.
Шара барысында Мемлекеттік Ту көтеріліп, аудан әкімі әскери бөлімнің қызметімен танысты. Сондай-ақ әскери қызметшілерді мерекемен құттықтап, бірқатар азаматқа марапат табыстады.
Ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында қызмет етіп жүрген барша әскери қызметшіге алғыс білдіреміз!
Республика күні құтты болсын!








