400-ден астам адам. 140 көшет. 112 текше метр қоқыс.
Бұл — Республика күні қарсаңында Жетісу ауданында өткен сенбіліктің нәтижесі.
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Ілияс Жансүгіров көшесінде ауқымды тазалық жұмыстары жүргізілді.
Бір мақсатқа жұмылған аудан тұрғындары, жастар, еріктілер, кәсіпкерлер, коммуналдық қызмет мамандары, сондай-ақ Жол инфрақұрылымын дамыту, Сәулет және қала құрылысы, Экология және қоршаған орта басқармаларының өкілдері аумақты қоқыстан тазартып, көшет отырғызды.
Сенбілікке 11 арнайы техника жұмылдырылды.
Отанға деген сүйіспеншілік үлкен сөздерден емес, осындай қарапайым істерден басталады. Өз аулаңа, көшеңе, туған жеріңе жанашыр болу – елге деген құрметтің бір көрінісі.
Ауданымыздың тазалығы мен көркеюіне үлес қосқан барша жанға алғыс білдіреміз!








