МЕРГЕНДІК. ШЕБЕРЛІК. ЖЕҢІСКЕ ДЕГЕН ЖІГЕР!: Абай облысында атудан тартысты турнир өтті

    Абай облысында Республика күніне орай IPSC практикалық ату бойынша тартысты турнир өтті!

    Дәлдік пен жылдамдық, салқынқандылық пен кәсіби шеберлік сынға түскен бәсекеде Абай облысы Полиция департаментінің басшылық құрам өкілдері өздерінің мергендік қабілеттерін паш етті.

    Абай облысы ПД Арнайы және кәсіби даярлық басқармасының ұйымдастыруымен өткен жарыстың басты мақсаты – полиция қызметкерлерінің оң имиджін қалыптастыру, «ARLAN» спорт клубын кеңінен насихаттау, дене даярлығы мен кәсіби машықтарын жетілдіру, сондай-ақ атыс қаруын меңгеру деңгейін арттыру.

    Турнирге Департаменттің басқармалары мен дербес бөлімдерінің, Семей қаласы Полиция басқармасының, аудандық полиция бөлімдерінің басшылары, патрульдік полиция ротасы мен батальонының командирлері қатысты.

    Нысанаға дәл тигізу ғана емес, әр секундты тиімді пайдалану, шешім қабылдаудағы шапшаңдық пен төзімділік – жарыс қатысушылары үшін нағыз кәсіби сынаққа айналды. Қатысушылар жоғары дайындық деңгейін, табандылық пен жеңіске деген жігерін көрсетті.

    ТУРНИР ЖЕҢІМПАЗДАРЫ:

    I орын – Ержан Ақбаев
    Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы

    II орын – Еркебұлан Тлебалдин
    Тылдық қамтамасыз ету басқармасының бастығы

    III орын – Асет Асқаров
    Профилактикалық жұмысты үйлестіру басқармасының бастығы

    Жарыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар медальдармен және грамоталармен марапатталды.

    Мұндай спорттық іс-шаралар – тек жарыс алаңы ғана емес, кәсіби тәжірибе алмасудың, өзара қолдауды нығайтудың және командалық рухты шыңдаудың маңызды мүмкіндігі.

    Абай облысы полиция қызметкерлерінің кәсіби дайындығы мен спорттық әлеуетін арттыруға бағытталған игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Абай облысының Полиция департаменті" жаңалықтары