Абай облысында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда. Оның басты мақсаты – жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жүргізушілердің жауапкершілігін арттыру.
Жолдағы тәртіп – қауіпсіздіктің кепілі! Іс-шара аясында полиция қызметкерлері облыс аумағында 1 162 құқық бұзушылықтың жолын кесті.
Олардың ішінде:
402 дерек – қауіпсіздік белдігін тақпау, жолаушылар мен жүктерді тасымалдау талаптарын және мотошлемді пайдалану ережелерін бұзу. Оның ішінде 6 автокөлікте балаларды ұстау құрылғысы болмаған.
247 дерек – техникалық регламент талаптарына сәйкес келмейтін көлік құралдарын басқару.
201 дерек – көлік басқару кезінде телефон немесе радиостанция пайдалану.
133 дерек – техникалық байқаудан өтпеген көлікті басқару.
28 дерек – көлік құралын басқару құқығы жоқ адамның рөлге отыруы.
26 дерек – жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзу.
22 дерек – көлікті мас күйінде басқару.
15 дерек – тиісті рұқсатсыз көлік құралын қайта жабдықтау.
10 дерек – мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінсіз немесе белгіленген тәртіппен тіркелмеген көлікті басқару.
6 дерек – қарсы қозғалыс жолағына шығу.
6 дерек – жолаушыларды заңсыз тасымалдау.
5 дерек – көлік құралын басқару құқығынан айырылған адамның рөлге отыруы.
2 дерек – жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін пайдалану.
1 дерек – автомобильмен тасымалдау кезінде жүргізушінің еңбек және демалыс режимін бұзу.
Полиция ескертеді: жолдағы жауапкершілік – әркімнің міндеті Абай облысы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Данияр Нүрпейісов жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
«Жол қауіпсіздігі – тек полицияның емес, әрбір жол қозғалысына қатысушының ортақ жауапкершілігі. Бір қарағанда болмашы болып көрінетін ережені бұзудың өзі ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін. Сондықтан жүргізушілерден белгіленген жылдамдық режимін сақтауды, қауіпсіздік белдігін тағуды, көлік басқару кезінде телефон қолданбауды және мас күйінде рөлге отырмауды сұраймыз. Басты мақсатымыз – жазалау емес, жол-көлік оқиғаларының алдын алып, адам өмірі мен денсаулығын қорғау», – деді полиция майоры.








