Шетелден қашықтан жұмыс істеу: Қазақстанда жалақыға салық қалай салынады?
Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті қазақстандық компанияларда қашықтан жұмыс істейтін шетел азаматтарының табыстарына салық салу тәртібін түсіндіреді.
Мысалы, Ресей Федерациясының азаматы қазақстандық ЖШС-мен еңбек шартын жасасқан, алайда еңбек міндеттерін Ресей аумағында қашықтан орындайды және мезгіл-мезгіл Қазақстанға іссапармен келеді.
Ресейде жұмыс істегені үшін төленетін жалақыдан ЖТС ұстала ма?
Егер жұмыскер Ресей Федерациясының салық резиденті болып табылса және еңбек міндеттерін нақты сол елдің аумағында орындаса, тиісті табысқа Қазақстанда жеке табыс салығы (ЖТС) салынбайды.
Ал жұмыскер Қазақстанға іссапармен келсе ше?
Қазақстан Республикасының аумағында нақты жұмыс істеген күндері үшін есептелген жалақыға Қазақстанда салық салынады.
Бұл ретте, егер жұмыс беруші қазақстандық компания болса, жұмыскердің Қазақстанда 183 күннен аз болуы өздігінен ЖТС төлеуден босатуға негіз болып табылмайды.
ЖТС қандай мөлшерлемемен есептеледі?
Қарастырылып отырған бейрезиденттің еңбек қызметінен түсетін табыстарына салық салынатын табыс мөлшеріне қарай 10% және 15% мөлшерлемелер қолданылады. Бұл ретте салықтық шегерімдер қолданылмайды.
Жұмыс орны қалай расталады?
Жұмыс беруші жұмыс уақытын нақты жұмыс орындалған елдер бойынша бөлек есепке алып, оны растайтын құжаттарды сақтауы қажет.
Оларға еңбек шарты, жұмыс уақытын есепке алу табельдері, іссапар туралы бұйрықтар және өзге де растайтын құжаттар жатады.
Әлеуметтік салық пен міндетті төлемдер қалай есептеледі?
Әлеуметтік салық Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес айқындалады.
Ал міндетті зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) төлемдерін есептеу тәртібі жұмыскердің мәртебесіне, нақты жұмыс істейтін жеріне және қолданылатын халықаралық келісімдерге байланысты.
Құқықтық негізі:
ҚР Салық кодексі – 679, 682, 692, 702 және 705-баптар;
Қазақстан мен Ресей арасындағы 1996 жылғы 18 қазандағы Конвенция – 15-бап;
Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт – 98-бап.
Маңызды: жұмыскер бірнеше мемлекеттің аумағында еңбек қызметін жүзеге асырған жағдайда, оның табыстарын еңбек міндеттері нақты орындалған жеріне қарай бөлек есепке алу қажет.
Салық заңнамасындағы өзгерістер мен маңызды ақпараттан хабардар болу үшін Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ресми парақшасын қадағалаңыз!
Шетелден қашықтан жұмыс істеу: Қазақстанда жалақыға салық қалай салынады?
Ұқсас материалдар

🔹«Зерде негізгі орта мектебі» ЖШС ұжымының еңбек заңнамасы мәселелері бойынша ұжымдық өтініші қабылданды
Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментіАшу
Ливан армиясының қолбасшысымен кездесу
Қазақстан Республикасының Ливан Республикасындағы ЕлшілігіАшу
Алматыда тағы бір заңсыз салынған нысан сүріліп жатыр
Алматы қаласының әкімдігіАшуПрезидент Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевты Республика күнімен құттықтады
Талас ауданының әкімдігіАшу
Көлікті бұзып кіріп, мүлкін ұрлаған: Өскеменде ұрлық деректері ашылды
ҚР ІІМАшу
"Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті" жаңалықтары

ШАРУА НЕМЕСЕ ФЕРМЕР ҚОЖАЛЫҚТАРЫ: 2026 ЖЫЛЫ САЛЫҚ ҚАЛАЙ ТӨЛЕНЕДІ?
Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіАшу
2026 ЖЫЛЫ ҚАЗАҚСТАНДА САЛЫҚ ЗАҢНАМАСЫН БҰЗҒАНЫ ҮШІН ҚАНДАЙ АЙЫППҰЛДАР КӨЗДЕЛГЕН?
Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіАшу
Сыйға алынған пәтерді сату кезінде ЖТС төлеу міндеттемесі қашан туындайды?
Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіАшу
20 қазанда салық есептілігі нысандарын тапсыру және салықтар мен төлемақыларды төлеу мерзімі аяқталады
Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіАшу
САЛЫҚТЫҚ ЕСЕПТІЛІКТІ ҰСЫНУДЫ ТОҚТАТА ТҰРУ ЖӘНЕ ҚАЙТА БАСТАУ ТУРАЛЫ
Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіАшу