2026 ЖЫЛЫ ҚАЗАҚСТАНДА САЛЫҚ ЗАҢНАМАСЫН БҰЗҒАНЫ ҮШІН ҚАНДАЙ АЙЫППҰЛДАР КӨЗДЕЛГЕН?

    2026 ЖЫЛЫ ҚАЗАҚСТАНДА САЛЫҚ ЗАҢНАМАСЫН БҰЗҒАНЫ ҮШІН ҚАНДАЙ АЙЫППҰЛДАР КӨЗДЕЛГЕН?
    Салық есептілігін уақтылы тапсырмау, кірістерді жасыру немесе фискалдық чек бермеу әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғуы мүмкін.
    Қандай құқық бұзушылықтар үшін айыппұл көзделгенін және олардың алдын алу жолдарын түсіндіреміз.
    1. Салық есептілігін уақтылы тапсырмау
    ҚР ӘҚБтК-нің 272-бабы
    Алғаш рет құқық бұзушылық жасалған жағдайда – ескерту жасалады.
    Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде құқық бұзушылық қайталанса:
    Жеке тұлғаларға – 15 АЕК;
    Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 30 АЕК;
    Орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 45 АЕК;
    Ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 70 АЕК.
    2. Салықтарды уақтылы төлемеу
    Салықтарды белгіленген мерзімде төлемеген жағдайда мерзімі өткен әрбір күн үшін өсімпұл есептеледі.
    Маңызды: Өсімпұл әкімшілік айыппұл болып есептелмейді. Заңнамада көзделген негіздер болған жағдайда салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары да қолданылуы мүмкін.
    3. Салық салу объектілерін жасыру
    ҚР ӘҚБтК-нің 275-бабы
    Салық салу объектілерін жасырғаны үшін мынадай айыппұлдар көзделген:
    Алғаш рет құқық бұзушылық жасалған жағдайда – жасырылған объект бойынша төленуге жататын салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомасының 200%-ы мөлшерінде;
    Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде құқық бұзушылық қайталанса – 300%-ы мөлшерінде.
    4. Бақылау-касса машинасын (БКМ) қолданбау
    ҚР ӘҚБтК-нің 284-бабы
    Алғаш рет құқық бұзушылық жасалған жағдайда – ескерту жасалады.
    Бір жыл ішінде құқық бұзушылық қайталанса:
    Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 15 АЕК;
    Орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 30 АЕК;
    Ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 50 АЕК.
    5. Фискалдық чек бермеу
    ҚР ӘҚБтК-нің 284-бабы
    Алғаш рет құқық бұзушылық жасалған жағдайда – ескерту жасалады.
    Бір жыл ішінде құқық бұзушылық қайталанса:
    Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 20 АЕК;
    Орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 30 АЕК;
    Ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 40 АЕК.
    АЙЫППҰЛДАРДАН ҚАЛАЙ САҚТАНУҒА БОЛАДЫ?
    Салық есептілігін белгіленген мерзімде тапсырыңыз.
    Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді уақтылы төлеңіз.
    Кірістер мен салық салу объектілерін дұрыс көрсетіңіз.
    Заңнамада көзделген жағдайларда бақылау-касса машинасын қолданып, фискалдық чек беріңіз.
    Салық берешегінің бар-жоғын тұрақты түрде тексеріп отырыңыз.
    Құқықтық негіз: Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі.
    Салық міндеттемелерін уақтылы орындау – айыппұлдар мен қосымша шығындардың алдын алудың тиімді жолы!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті" жаңалықтары