ҚАЗАҚСТАНДА ЕАЭО ЕЛДЕРІНЕН ТАУАРЛАРДЫ ӘКЕЛУ ТУРАЛЫ ӨТІНІШ БЕРУ ҚАҒИДАЛАРЫ ЖАҢАРТЫЛДЫ

    ҚАЗАҚСТАНДА ЕАЭО ЕЛДЕРІНЕН ТАУАРЛАРДЫ ӘКЕЛУ ТУРАЛЫ ӨТІНІШ БЕРУ ҚАҒИДАЛАРЫ ЖАҢАРТЫЛДЫ
    2026 жылғы 20 қарашадан бастап тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті (328.00-нысан) ұсынудың жаңартылған қағидалары күшіне енеді.
    Тиісті өзгерістер Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2026 жылғы 2 қарашадағы бұйрығымен бекітілді.
    Қандай өзгерістер енгізілді?
    Өтініш беру тәсілдері кеңейтілді
    Енді өтінішті келесі тәсілдермен ұсынуға болады:
    «Салық төлеушінің кабинеті» арқылы;
    Цифрлық сервистер, оның ішінде екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы;
    Орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына жүгіну арқылы.
    Өтініш электрондық нысанда немесе электрондық нұсқасы қоса берілген қағаз жеткізгіште ұсынылады.
    328.00-нысан жаңартылды
    Импортталатын тауарлар туралы қосымша мәліметтерді қамтитын № 2 қосымша енгізілді.
    Онда:
    Тауардың СЭҚ ТН және Ұлттық тауарлар каталогы (NTIN) бойынша кодтары;
    Тауардың саны мен салмағы;
    Валюталық шарт туралы мәліметтер;
    ҚҚС-ты цифрлық теңгемен төлеу туралы ақпарат көрсетіледі.
    Өтінішті кері қайтарып алу тәртібі жетілдірілді
    Өтінішті қате ұсынған, сапасы немесе жиынтықтылығы талапқа сай келмейтін тауарлар толық қайтарылған, сондай-ақ тауардың нақты әкелінбегені анықталған жағдайларда кері қайтарып алу тәртібі көзделген.
    Қағаз және электрондық нысанда берілген өтінішті кері қайтарып алу туралы шешім 3 жұмыс күні ішінде қабылданады.
    Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру
    Өтініш электрондық түрде ұсынылған кезде мәліметтерді автоматтандырылған тексеру, тіркеу нөмірін беру және нәтижені электрондық форматта алу мүмкіндігі қарастырылған.
    Маңызды!
    Жаңартылған қағидалар салықтық әкімшілендіруді жетілдіруге, электрондық сервистерді дамытуға және ЕАЭО шеңберіндегі импорттық операциялардың ашықтығын арттыруға бағытталған.
    Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілерге ЕАЭО елдерінен тауарлар әкелу кезінде енгізілген өзгерістерді ескеруді ұсынады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті" жаңалықтары