Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

    Департамент туралы

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті (бұдан әрі – Департамент) кеден ісі саласындағы мемлекеттік басқару және бақылау, салықтардың, кеден және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түсуiн, әлеуметтік төлемдерді есептеудің, ұстаудың, аударудың толықтығымен уақыттылығын қамтамасыз ету.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    Анонс

    ТІКЕЛЕЙ ЭФИР Құрметті салық төлеушілер! 6 қараша күні сағат 11:00-де келесі тақырыпта тікелей эфир өтеді: «Жеке тұлғалардың жылжымайтын мүлік пен көлік құралдарын өткізуі кезінде мүліктік табыстың туындауы». Эфир барысында мүліктік табыстың туындау жағдайлары, оны анықтау тәртібі және мүлікті сату кезіндегі салық міндеттемелері қарастырылады. Тікелей эфирге қатысып, өздеріңізді қызықтырған сұрақтарға жауап алуға шақырамыз!

    5 қараша 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КООПЕРАТИВТЕРІ: КТС 3%, 6% НЕМЕСЕ 20% ҚАЙ КЕЗДЕ ТӨЛЕНЕДІ?

    АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КООПЕРАТИВТЕРІ: КТС 3%, 6% НЕМЕСЕ 20% ҚАЙ КЕЗДЕ ТӨЛЕНЕДІ? 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін корпоративтік табыс салығының (КТС) сараланған мөлшерлемелері қолданылады. Басты қағида: салық мөлшерлемесі кооперативтің мәртебесіне немесе ЭҚЖЖ кодына ғана емес, нақты жүзеге асыратын қызметіне және өнімнің шығу тегіне байланысты. 3% Өз өнімі 6% Кооператив қызметі 20% Өзге қызмет 3% мөлшерлеме қашан қолданылады? Егер кооператив ауыл шаруашылығы өнімін тікелей өзі өндірсе. Мысалдар: - Кооператив бидайды өзі өсіріп, жиналған өнімді сатады. - Кооператив ірі қара мал өсіріп, өзі өсірген асыл тұқымды төлді өткізеді. - Кооператив өз сүтін өндіріп, одан ірімшік, сары май немесе басқа сүт өнімдерін жасап, дайын өнімді сатады. Негізгі шарт: ауыл шаруашылығы өнімі кооперативтің өз өндірісінен алынуы тиіс. 6% мөлшерлеме қашан қолданылады? Егер ауыл шаруашылығы кооперативі Салық кодексінде көзделген, бірақ 3% мөлшерлемеге жатпайтын кооперативтік қызметті жүзеге асырса. Мысалдар: - Кооператив өз мүшелері өндірген сүтті сатып алып, оны қайта өңдеп, дайын өнімді сатады. - Кооператив мүшелері өсірген астықты дайындайды, сақтайды және өткізеді. - Кооператив өз мүшелеріне ауыл шаруашылығы өнімін өндіру үшін зоотехникалық және басқа да қосалқы қызметтер көрсетеді. - Кооператив өз мүшелеріне ауыл шаруашылығы өнімін өндіруге және қайта өңдеуге қажетті тауарларды өткізеді. Маңызды: кооператив мүшелерінен сатып алынған өнім кооперативтің өзі өндірген өнімі болып саналмайды. Сондықтан мұндай шикізатты қайта өңдеуден алынған кіріске 3% емес, тиісті талаптар сақталған жағдайда 6% мөлшерлеме қолданылады. 20% мөлшерлеме қашан қолданылады? Егер кооператив 3% немесе 6% мөлшерлемелерін қолдану талаптарына сәйкес келмейтін өзге қызметтен кіріс алса. Мысалдар: - Кооператив өз мүшелері болып табылмайтын жеткізушілерден сүт сатып алып, оны қайта өңдейді және дайын өнімді дербес қызмет шеңберінде өткізеді. - Кооператив бөгде ұйымдарға коммерциялық негізде зоотехникалық қызметтер көрсетеді. - Кооператив Салық кодексінің 16-бабында көзделмеген дербес сауда немесе өзге қызметпен айналысады.. Мұндай операциялар бойынша мөлшерлеме қызметтің нақты сипатына және Салық кодексінің тиісті нормаларына сәйкес айқындалады. Нақты мысалмен түсіндірейік! «Береке» ауыл шаруашылығы кооперативі сүт өндірумен және қайта өңдеумен айналысады. Өз сүті → ірімшік өндіру → сату КТС — 3% Кооператив мүшелерінің сүті → ірімшік өндіру → сату КТС — 6% Бөгде жеткізушілердің сүті → ірімшік өндіру → сату КТС — 20%, егер қызмет төмендетілген мөлшерлемелерге жатпаса Кооператив бір мезгілде бірнеше қызмет түрін жүзеге асырса ше? Әртүрлі мөлшерлемелер бойынша салық салынатын қызмет түрлерінің бөлек салықтық есебін жүргізу қажет. Яғни әрбір қызмет түрі бойынша тиісті кірістер мен шығыстар жеке есепке алынып, салық салынатын кіріс бөлек есептелуі тиіс. Жиі кездесетін 3 қателік 1. Барлық ауыл шаруашылығы кооперативтерінің барлық кірісіне автоматты түрде 6% мөлшерлеме қолданылады деп есептеу. 2. Сүт кооператив мүшелерінен сатып алынғаны үшін ғана оны қайта өңдеуден түскен кіріске 3% мөлшерлеме қолдану. 3. Қызметтің нақты сипатын ескермей, тек ЭҚЖЖ кодына сүйену. ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ! 3% — өзі өндірген ауыл шаруашылығы өніміне және оны қайта өңдеуге. 6% — заңнамада көзделген кооперативтік қызметке. 20% — төмендетілген мөлшерлемелер қолданылмайтын өзге қызметке. Салық есептілігін тапсыру кезінде қателіктерге жол бермеу үшін жарияланымды сақтап қойыңыз және басқа ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен бөлісіңіз! Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Құқықтық негіз: Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII Салық кодексінің 16, 211, 345 және 357-баптары.

    22 қазан 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    ШАРУА НЕМЕСЕ ФЕРМЕР ҚОЖАЛЫҚТАРЫ: 2026 ЖЫЛЫ САЛЫҚ ҚАЛАЙ ТӨЛЕНЕДІ?

    ШАРУА НЕМЕСЕ ФЕРМЕР ҚОЖАЛЫҚТАРЫ: 2026 ЖЫЛЫ САЛЫҚ ҚАЛАЙ ТӨЛЕНЕДІ? Екі салық режимін қатар қолдануға бола ма? Қандай салықтардан босатылады? Фермерлер үшін қандай мүмкіндіктер қарастырылған? 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап шаруа немесе фермер қожалықтарына (ШФҚ) арналған арнайы салық режимі қолданылады. Ең маңызды ақпаратты түсіндіреміз! 1. Арнайы салық режимін кімдер қолдана алады? Қазақстан аумағында жеке меншік немесе жер пайдалану құқығында, оның ішінде кейінгі жер пайдалану құқығында жер учаскелері бар шаруа немесе фермер қожалықтары. Бұл ретте ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің жиынтық алаңы белгіленген шектен аспауы тиіс: 1-аймақ — 5 000 гектарға дейін; 2-аймақ — 3 500 гектарға дейін; 3-аймақ — 1 500 гектарға дейін; 4-аймақ — 500 гектарға дейін. Нақты аймақ жер учаскесінің орналасқан жері мен сипаттамаларына байланысты айқындалады. 2. Қандай салықтарды төлемеуге болады? ШФҚ үшін арнайы салық режимін қолданатын салық төлеушілер бірқатар салықтар мен төлемдерден босатылады: Жер салығы және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы — арнайы режим шеңберінде пайдаланылатын жер учаскелері бойынша, заңнамада көзделген ерекшеліктерді қоспағанда. Көлік құралдары салығы және мүлік салығы — заңнамада белгіленген салық салу объектілері бойынша. Әлеуметтік салық — арнайы режим қолданылатын қызмет бойынша. Қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы — тиісті қызмет бойынша. Қосылған құн салығы (ҚҚС) — импортталатын тауарларға және бейрезидент үшін төленетін ҚҚС-ты қоспағанда. Маңызды: әлеуметтік төлемдерді төлеу және салық агентінің міндеттемелерін орындау сақталады. 3. ШФҚ үшін арнайы режимді оңайлатылған декларациямен қатар қолдануға бола ма? ИӘ, БОЛАДЫ! Егер қожалық әртүрлі қызмет түрлерінен кіріс алатын болса, екі салық режимін қатар қолдануға мүмкіндік бар. Мысалы: Өзінің өсірген бидайын өндіру және сату — ШФҚ үшін арнайы салық режимі. Басқа ұйымдарға ауыл шаруашылығы техникасымен қызмет көрсету — белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режимі Негізгі талап — әртүрлі қызмет түрлері бойынша кірістердің, шығыстардың, активтер мен міндеттемелердің бөлек есебін жүргізу. Егер ШФҚ үшін арнайы режим қолданылмайтын қызмет бойынша ҚҚС төлеуші ретінде тіркелу міндеттемесі туындаса, жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібіне көшу қажет. 4. Сатып алынған ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеуге бола ма? ШФҚ үшін арнайы салық режимі мынадай қызметтерге қолданылады: Өзінің ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және өткізу. Өзі өндірген ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу. Осындай қайта өңдеу нәтижесінде алынған өнімдерді өткізу. Ал басқа өндірушілерден сатып алынған өнімді қайта өңдеу және сату қызметі бұл арнайы режимнің қолданылу аясына кірмейді. Мұндай қызмет үшін заңнамада рұқсат етілген басқа салық салу режимін таңдау қажет. Сондай-ақ акцизделетін тауарларды өндіру, қайта өңдеу және өткізу қызметіне бұл арнайы режим қолданылмайды. 5. Салық есептілігін қалай тапсыру қажет? 920.00-нысан — ШФҚ үшін арнайы салық режимі бойынша декларация. Салық кезеңі — күнтізбелік жыл. Декларация келесі жылдың 31 наурызынан кешіктірілмей тапсырылады. 910.00-нысан — басқа қызмет түрлері бойынша оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режимі қолданылған жағдайда ұсынылады. 200.00-нысан — қызметкерлер бойынша төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдерді көрсету үшін қолданылады. ШФҚ басшысы мен мүшелері үшін әлеуметтік төлемдер 920.00-нысанда көрсетіледі. ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ! Шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнайы салық режимі салық жүктемесін төмендетуге мүмкіндік береді. Алайда оның жеңілдіктері Салық кодексінде белгіленген талаптарға сәйкес келетін қызмет түрлеріне ғана қолданылады. Салық режимін таңдау кезінде қателеспеу үшін осы жарияланымды сақтап қойыңыз және басқа ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен бөлісіңіз! Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Құқықтық негіз: Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII Салық кодексінің 715, 728–733-баптары.

    22 қазан 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Сыйға алынған пәтерді сату кезінде ЖТС төлеу міндеттемесі қашан туындайды?

    Сыйға алынған пәтерді сату кезінде ЖТС төлеу міндеттемесі қашан туындайды? Сыйға алынған жылжымайтын мүлікті сату кезінде жеке тұлғалардың табыстарына салық салу тәртібін түсіндіреміз. Мысалы, азамат 2025 жылы пәтерді сыйға алып, 2026 жылы оны сатуға шешім қабылдады. Мұндай жағдайда жеке табыс салығын (ЖТС) төлеу міндеттемесі туындай ма? Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 382 және 383-баптарына сәйкес, тұрғын жылжымайтын мүлікті сату кезінде салықтық міндеттемелер мүлікке иелік ету мерзіміне және құн өсімінен кірістің болуына байланысты айқындалады. Құн өсімінен кіріс қашан туындайды? Егер пәтерге меншік құқығы 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін тіркелсе және пәтер бір жылдан аз уақыт меншікте болса немесе меншік құқығы 2026 жылғы 1 қаңтардан кейін тіркеліп, пәтер екі жылдан аз уақыт меншікте болса, оны сату кезінде құн өсімінен кіріс туындауы мүмкін. Құн өсімінен кіріс сату бағасы мен жылжымайтын мүліктің бастапқы құны арасындағы оң айырма ретінде айқындалады. Өтеусіз алынған пәтерді сату кезінде бастапқы құн Салық кодексінің нормаларына сәйкес айқындалады. Атап айтқанда, жеке тұлғалардың мүлік салығы салынатын жылжымайтын мүлік үшін меншік құқығы туындаған жылдың 1 қаңтарындағы мүлік салығын есептеу мақсатында белгіленген бағалау құны қолданылады. Нені ескеру қажет? Егер мүлікті сату нәтижесінде салық салынатын кіріс туындаса, жеке тұлға ЖТС-ты өз бетінше есептейді, кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсырады және салықты заңнамада белгіленген мерзімде төлейді. Бұл ретте салықтық міндеттемелерді айқындау үшін меншік құқығының мемлекеттік тіркелген күнін, жылжымайтын мүліктің түрін және Салық кодексінің қолданылатын нормаларын ескеру қажет. Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті азаматтарға жылжымайтын мүлікті сату мәмілесін жоспарлау кезінде салықтық міндеттемелерін алдын ала нақтылауды ұсынады.

    20 қазан 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Құны жоғары жеңіл автомобильді сатып алу кезінде акциз төлеу қажет

    Құны жоғары жеңіл автомобильді сатып алу кезінде акциз төлеу қажет 2026 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Салық кодексінде сатып алу құны тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) 18 000 еселенген мөлшеріне тең немесе одан жоғары жеңіл автомобильдерге акциз салу көзделген. Акцизді кім төлейді? Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 535-бабына сәйкес, Қазақстан аумағында осындай автомобильдерді сатып алатын жеке тұлғалар акциз төлеушілер болып танылады. Бұл талап бұрын пайдаланылған автомобильдерге де қолданылады. Егер бұрынғы иесінен сатып алынған көлік құралының құны белгіленген шекке тең немесе одан жоғары болса, акциз төлеу міндеттемесі туындайды. Акциз қалай есептеледі? Салық кодексінің 537-бабына сәйкес, акциз мөлшерлемесі сатып алынған көлік құралы құнының 10%-ын құрайды. Автомобиль Қазақстан Республикасының аумағында сатып алынған жағдайда, оның құны сатып алу-сату шартында немесе көлік құралын сатып алуға негіз болған өзге де келісімде көрсетілген баға бойынша айқындалады. Автомобильді қайта сату кезінде акциз төлеу қажет пе? Иә. Егер жаңа сатып алушы автомобильді белгіленген шекке тең немесе одан жоғары бағаға сатып алса, онда акциз төлеу бойынша жеке міндеттеме туындайды. Бұл ретте бұрынғы иесі төлеген акциз жаңа сатып алушының міндеттемесі есебіне жатқызылмайды. Салық міндеттемелерін қандай мерзімде орындау қажет? Жеке тұлға: - автомобиль сатып алынған айдан кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей 400.00 нысаны бойынша акциз декларациясын ұсынуға; - акцизді автомобиль сатып алынған айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей немесе көлік құралын мемлекеттік тіркеуге құжаттар тапсырылған күннен кешіктірмей — осы екі күннің қайсысы ертерек болса, сол мерзімде төлеуге міндетті. Осылайша, құны жоғары жеңіл автомобильді сатып алу кезінде оның бағасын ғана емес, сонымен қатар туындайтын салық міндеттемелерін де алдын ала ескеру қажет. Негіздеме:** Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 535, 536, 537, 539, 549 және 551-баптары.

    20 қазан 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    @SALYQBOT ЦИФРЛЫҚ САЛЫҚ КЕҢЕСШІСІ

    Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті халыққа салықтық және кедендік мәселелер бойынша жедел түсіндіру көмегін көрсету, халықтың хабардарлығын арттыру және кері байланыс алу мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті іске асырған « @SalyqBot » Telegram чат-боты жұмыс істейтінін еске салады. @SalyqBot – қазақ және орыс тілдерінде әзірленген цифрлық салық кеңесшісі, және ол өте пайдалы функцияларға ие: Шотты бұғаттан шығару; Жеке тұлғалардың салықтары бойынша көмек; Банкроттық; Бейнеқоңырау; Кедендік мәселелер бойынша жедел көмек; Salyq ЖИ 2026; ТОП сұрақтар; Операторға сұрақ қою; Электрондық сервистер; Калькуляторлар; Анықтамалық; Салық күнтізбесі; Сауалнамалар; Бейнесабақтар. Чат-бот « @SalyqBot » атауы бойынша немесе https://t.me/salyqbot тікелей сілтемесі арқылы қолжетімді.

    19 қазан 2026 ж.Тікелей

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Жиі қойылатын сұрақтар сотқа дейінгі соттан тыс банкроттық және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру бойынша

    Жауап

    Сот банкроттығы рәсімі № Сұрақ Жауап 1. Сот банкроттық рәсімін қолдануға қандай азаматтар өтініш бере алады? Сот банкроттығына өтінішті басқа кредиторлар алдындағы борыштардың барлық түрлері бойынша 1600 АЕК – тен (2025 жылы-6 млн 291 мың теңге) асатын борыштары бар азаматтар бере алады. Осындай өтініш берілген күні қатарынан 12 ай ішінде өтеудің болмауы 2. Қандай соттар жеке банкроттық туралы өтініштерді және төлем қабілеттілігін қалпына келтіруді (экономикалық немесе азаматтық) қарастырады? Жеке тұлғалардың банкроттық туралы өтініштері тұрғылықты жері бойынша соттарда қаралатын болады (Азаматтық) 3. Сот банкроттығы рәсімін өткізу мерзімі қандай? Сот банкроттығы рәсімінің мерзімі сот банкроттығы рәсімін қолдану туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап алты айдан аспайды 4. Сот банкроттығы рәсімін жүргізу кезеңінде ҚР шегінен тыс жерлерге шығуға тыйым салынады ма? Иә. Заңның 22-бабының 6-тармағына сәйкес, емдеу жүргізу, жақын туысын емдеуге алып жүру, жақын туысын Қазақстан Республикасынан тыс жерлеуді жүргізу қажеттілігін қоспағанда, борышкердің Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуына тыйым салынады 5. Шығуға тыйым қашан жойылады? Сот банкроттығы рәсімі аяқталғаннан кейін тыйым алынып тасталады 6. Сот банкроттығының салдары қандай? 5 жыл ішінде қарыз беруге тыйым салу, қайта беру, банкроттықтың келесі рәсімін 7 жылдан кейін ғана өткізуге болады 7. Жалғыз тұрғын үй мүліктік массаға кіре ме және сауда саттықтан кепілді де кепіл емес те сатыла ма Кредитор сот банкроттығы барысында борышкердің жалғыз тұрғын үйін, егер ол кепіл нысанасы болып табылса ғана алып қоюға құқылы. Егер жалғыз тұрғын үй кепіл болмаса, несие берушілер оны талап ете алмайды. 8. Рәсім аяқталғаннан кейін банкроттың қаржылық жағдайына мониторинг қалай жүзеге асырылады. Банкроттық рәсімдері аяқталғаннан кейін қаржылық жағдайдың мониторингі борышкердің деректерінен (жалпыға бірдей декларациялау), сондай-ақ уәкілетті органдардың деректерінен жүзеге асырылатын болады. Борышкерде мүлікті мемлекеттік тіркеудің бар екендігі анықталған жағдайда, тиісті хабарлама кредиторларға жіберілетін болады 9. Қаржы басқарушысына қандай қаражат есебінен сыйақы төленеді? Қаржы басқарушысына сыйақы борышкердің қаражаты есебінен төленеді . 10. Қаржы менеджерінің сыйақысы қандай ? Қаржы басқарушысының ай сайынғы сыйақысының мөлшері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақының бір мөлшерін құрайды . Соттан тыс банкроттық рәсімі № Сұрақ Жауап 1. Соттан тыс банкроттық рәсімі дегеніміз не ? Соттан тыс банкроттық рәсімі – Екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасының резидент емес банкі филиалдары, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, микроқаржы қызметін жүзеге асыратын ұйымдар немесе коллекторлық агенттіктер алдындағы міндеттемелерді тоқтату мақсатында борышкерге қатысты соттан тыс тәртіппен жүзеге асырылатын рәсім 2. Қандай азаматтар соттан тыс банкроттық рәсімін қолдануға өтініш бере алады? Соттан тыс банкроттыққа 1600 еселенген АЕК мөлшерінен аспайтын қарызы бар азаматтар өтініш бере алады. Мұндай өтініш берілген күні қатарынан 12 ай ішінде өтеу жоқ. Ортақ меншіктегі мүлікті қоса алғанда, мүліктің меншік құқығында жоқ 3. Соттан тыс банкроттық туралы өтініш қалай беріледі? Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдануға өтініш беру E-gov, E-Salyg Azamat және ХҚКО веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. 4. Соттан тыс банкроттық рәсімін өткізу мерзімі қандай? Уәкілетті органның соттан тыс банкроттық рәсімін өткізу мерзімі "электрондық үкімет" веб-порталында борышкер туралы мәліметтер орналастырылған күннен бастап алты айды құрайды 5. Соттан тыс банкроттық рәсімі аяқталғаннан кейін қанша жыл қарыз берілмейді? Заңның 19-бабының 3-тармағына сәйкес банкротқа соттан тыс банкроттық рәсімінің аяқталғаны туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап бес жыл ішінде қарыз берілмейді (ломбардтардың микрокредиттерін алудан басқа), сондай-ақ одан банктік қарыз және микрокредит беру шарттары бойынша кепіл, кепілдік және кепілгерлік түрінде қамтамасыз ету қабылданбайды. 6. Азаматтардың қандай санаттарына Заң жалпы ережелерден ерекшелік жасайды? Соңғы алты айда аз қамтылған адамдар ретінде атаулы әлеуметтік көмек алған адамдар. Оларға бір жыл күтудің қажеті жоқ. Мерзімі 5 жылдан асатын борышкерлер. Олардың жағдайында қарыз сомасы маңызды емес. 7. Бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан адам банкроттық рәсімін қолдана ала ма? Мүмкін, мұндай адамдар үшін қандай да бір ерекше жағдайлар мен шектеулер заңда қарастырылмаған шығар 8. Борышкер банкрот деп танылғаннан кейін (соттан тыс банкроттық рәсімі аяқталды) жеке кәсіпкер ретінде тіркеле ала ма немесе оның жалақысы қарызды өтеу есебінен өндіріп алынады деп қорықпай жұмысқа тұра ала ма? Соттан тыс банкроттық рәсімі аяқталған кезде "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 19-бабында айқындалған салдарлар туындайды. Атап айтқанда, борышкердің соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы өтінішінде көрсетілген міндеттемелері тоқтатылады. Банкротқа соттан тыс банкроттық рәсімінің аяқталғаны туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап бес жыл ішінде қарыз берілмейді, сондай-ақ одан банктік қарыз және микрокредит беру шарттары бойынша кепіл, кепілдік және кепілгерлік түрінде қамтамасыз ету қабылданбайды (Заңның 19-бабының 2 және 3-тармақтары). Заңнамада өзге салдарлар көзделмеген. Жоғарыда айтылғандардан, рәсім аяқталғаннан кейін азаматты банкрот деп тану соттан тыс банкроттық кәсіпкерлік қызметпен айналысуға , оның ішінде дара кәсіпкер ретінде тіркелуге кедергі келтірмейді және мұндай адам еңбекақыны толық көлемде алу құқығында шектеусіз . жеке кәсіпкердің және мұндай адамның еңбекақыны толық көлемде алу құқығында шектеусіз . 9. Может ли должник после признания банкротом (завершена процедура внесудебного банкротства) зарегистрироваться в качестве индивидуального предпринимателя или трудоустроиться без страха, что на его заработную плату обратят взыскание в счет погашения долга? При завершении процедуры внесудебного банкротства наступают последствия, определенные статьей 19 Закона Республики Казахстан «О восстановлении платежеспособности и банкротстве граждан Республики Казахстан» (далее – Закон). В частности, обязательства должника, указанные им в заявлении о применении процедуры внесудебного банкротства, прекращаются. Банкроту в течение пяти лет со дня размещения объявления о завершении процедуры внесудебного банкротства не выдается заем, а также не принимаются от него обеспечение в виде залога, гарантии и поручительства по договорам банковского займа и предоставления микрокредита (пункты 2 и 3 статьи 19 Закона). Иные последствия законодательством не предусмотрены. Из изложенного следует, что признание соттан тыс банкроттық рәсімі аяқталғаннан кейін азаматтың банкрот болуы кәсіпкерлік қызметпен айналысуына , оның ішінде дара кәсіпкер ретінде тіркелуіне кедергі келтірмейді және мұндай адам еңбекақыны толық көлемде алу құқығында шектеусіз . 10. Қарызсыз несие алу арқылы банкрот бола аласыз ба ? Жоқ , заңды қолдану 12 айдан астам мерзімі өткен берешегі бар азаматтар үшін ғана қарастырылған 11. Бас тартқаннан кейін , борышкер соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы өтінішті қашан қайта бере алады ? Бас тартуды алған күннен кейін 3 айдан ерте емес қайта тапсыруға болады . Процедура восстановления платежеспособности № Сұрақ Жауап 1. Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру процедурасын қолдануға кім өтініш бере алады ? Жоғарыда көрсетілген рәсімді қолдануға өтініш беру үшін оның барлық міндеттемелері мөлшеріндегі борышкерге тиесілі мүліктің құнынан асып кету фактісі ( оның ішінде орындалу мерзімі басталмаған ) және ( немесе ) тұрақты табыстың болуы негіз болып табылады 2. Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру дегеніміз не ? ? Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімі - сот тәртібімен қолданылатын рәсім , оның шеңберінде борышкерге борышкердің төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге бағытталған қаржылық , құқықтық және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де іс- шаралар қолданылады 3. Борышкердің мүлкіне түгендеу қашан жүргізіледі ? Қаржы басқарушысы сот төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот банкроттығын қолдану туралы іс қозғау туралы ұйғарым шығарған күннен бастап он жұмыс күні ішінде борышкердің мүлкіне түгендеу жүргізеді 4. Мүлікті бағалау туралы есеп қандай мерзімде жасалады ? Мүлікті бағалау туралы есеп бағалау жүргізу туралы шарт жасалған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей жасалады 5. Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімінде не тыйым салынады ? Борышкерге қарыздар алу ( ломбардтардың микрокредиттерін алудан басқа ) , кепілдіктер мен кепілгерліктер беру бойынша мәмілелер жасауға тыйым салынады 6. Үш рәсімнің қайсысына ( соттан тыс / сот банкроттығы , төлем қабілеттілігін қалпына келтіру ) " банкрот " мәртебесі берілмейді ? Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімінде " банкрот " мәртебесі берілмейді 7. Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру процедурасында қарыз қандай болуы керек ? Заңда ең төменгі немесе ең жоғары шек көзделмеген 8. Қаржы менеджерінің кандидатурасы қалай және кім анықтайды ? Қаржы басқарушысын Мемлекеттік кірістер органдары атынан уәкілетті орган тағайындайды . Осы мақсаттар үшін қаржы менеджерлерін таңдау және тағайындау тәртібі әзірленді 9. Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және сот банкроттығы рәсімдерінен өткеннен кейін барлық міндеттемелер борышкерден алынады ма ? Заңның 46 - бабына сәйкес төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және сот банкроттығы рәсімдері аяқталғаннан кейін тоқтатылуға жатпайтын банкроттың міндеттемелері : 1 ) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларды алуға құқығы бар адамдарға алимент төлеу ; 2 ) адамның өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянды өтеу 3 ) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы " Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес туындайтын талаптар ; 4 ) қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша залалды , сондай -ақ сот шешімі бойынша өндіріп алынатын бюджетке түсетін түсімдерді өтеу . 5 ) төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және ( немесе ) сот банкроттығын қалпына келтіру рәсімін жүргізген қаржы басқарушысының толық көлемде немесе оның бір бөлігінде төлемі болмаған жағдайда оның сыйақысы . 10. Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жоспарының орындалу мерзімі қандай ? Осы Заңның 32 - бабы 3 -тармағының 2 ) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда , 29 - бапқа сәйкес төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жоспарын орындау мерзімі бес жылдан аспауға тиіс .

    Ақпарат

    ТОО "SPS GROUP 2018"

    Жарияланды:
    Ақпарат

    ТОО "SPS групп 2018"

    Жарияланды:
    Ақпарат

    ТОО "Нур-Строй 7"

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Калиев Ильяс Айдарханович

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Грицкова Татьяна Александровна

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Тургунбеков Жасулан Ислямович

    Жарияланды: