ШАРУА НЕМЕСЕ ФЕРМЕР ҚОЖАЛЫҚТАРЫ: 2026 ЖЫЛЫ САЛЫҚ ҚАЛАЙ ТӨЛЕНЕДІ?
Екі салық режимін қатар қолдануға бола ма? Қандай салықтардан босатылады? Фермерлер үшін қандай мүмкіндіктер қарастырылған?
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап шаруа немесе фермер қожалықтарына (ШФҚ) арналған арнайы салық режимі қолданылады.
Ең маңызды ақпаратты түсіндіреміз!
1. Арнайы салық режимін кімдер қолдана алады?
Қазақстан аумағында жеке меншік немесе жер пайдалану құқығында, оның ішінде кейінгі жер пайдалану құқығында жер учаскелері бар шаруа немесе фермер қожалықтары.
Бұл ретте ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің жиынтық алаңы белгіленген шектен аспауы тиіс:
1-аймақ — 5 000 гектарға дейін;
2-аймақ — 3 500 гектарға дейін;
3-аймақ — 1 500 гектарға дейін;
4-аймақ — 500 гектарға дейін.
Нақты аймақ жер учаскесінің орналасқан жері мен сипаттамаларына байланысты айқындалады.
2. Қандай салықтарды төлемеуге болады?
ШФҚ үшін арнайы салық режимін қолданатын салық төлеушілер бірқатар салықтар мен төлемдерден босатылады:
Жер салығы және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы — арнайы режим шеңберінде пайдаланылатын жер учаскелері бойынша, заңнамада көзделген ерекшеліктерді қоспағанда.
Көлік құралдары салығы және мүлік салығы — заңнамада белгіленген салық салу объектілері бойынша.
Әлеуметтік салық — арнайы режим қолданылатын қызмет бойынша.
Қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы — тиісті қызмет бойынша.
Қосылған құн салығы (ҚҚС) — импортталатын тауарларға және бейрезидент үшін төленетін ҚҚС-ты қоспағанда.
Маңызды: әлеуметтік төлемдерді төлеу және салық агентінің міндеттемелерін орындау сақталады.
3. ШФҚ үшін арнайы режимді оңайлатылған декларациямен қатар қолдануға бола ма?
ИӘ, БОЛАДЫ!
Егер қожалық әртүрлі қызмет түрлерінен кіріс алатын болса, екі салық режимін қатар қолдануға мүмкіндік бар.
Мысалы:
Өзінің өсірген бидайын өндіру және сату — ШФҚ үшін арнайы салық режимі.
Басқа ұйымдарға ауыл шаруашылығы техникасымен қызмет көрсету — белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режимі
Негізгі талап — әртүрлі қызмет түрлері бойынша кірістердің, шығыстардың, активтер мен міндеттемелердің бөлек есебін жүргізу.
Егер ШФҚ үшін арнайы режим қолданылмайтын қызмет бойынша ҚҚС төлеуші ретінде тіркелу міндеттемесі туындаса, жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібіне көшу қажет.
4. Сатып алынған ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеуге бола ма?
ШФҚ үшін арнайы салық режимі мынадай қызметтерге қолданылады:
Өзінің ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және өткізу.
Өзі өндірген ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу.
Осындай қайта өңдеу нәтижесінде алынған өнімдерді өткізу.
Ал басқа өндірушілерден сатып алынған өнімді қайта өңдеу және сату қызметі бұл арнайы режимнің қолданылу аясына кірмейді.
Мұндай қызмет үшін заңнамада рұқсат етілген басқа салық салу режимін таңдау қажет.
Сондай-ақ акцизделетін тауарларды өндіру, қайта өңдеу және өткізу қызметіне бұл арнайы режим қолданылмайды.
5. Салық есептілігін қалай тапсыру қажет?
920.00-нысан — ШФҚ үшін арнайы салық режимі бойынша декларация. Салық кезеңі — күнтізбелік жыл. Декларация келесі жылдың 31 наурызынан кешіктірілмей тапсырылады.
910.00-нысан — басқа қызмет түрлері бойынша оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режимі қолданылған жағдайда ұсынылады.
200.00-нысан — қызметкерлер бойынша төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдерді көрсету үшін қолданылады.
ШФҚ басшысы мен мүшелері үшін әлеуметтік төлемдер 920.00-нысанда көрсетіледі.
ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ!
Шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнайы салық режимі салық жүктемесін төмендетуге мүмкіндік береді.
Алайда оның жеңілдіктері Салық кодексінде белгіленген талаптарға сәйкес келетін қызмет түрлеріне ғана қолданылады.
Салық режимін таңдау кезінде қателеспеу үшін осы жарияланымды сақтап қойыңыз және басқа ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен бөлісіңіз!
Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті
Құқықтық негіз: Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII Салық кодексінің 715, 728–733-баптары.
ШАРУА НЕМЕСЕ ФЕРМЕР ҚОЖАЛЫҚТАРЫ: 2026 ЖЫЛЫ САЛЫҚ ҚАЛАЙ ТӨЛЕНЕДІ?
Ұқсас материалдар
V Азия Пара ойындары: Қазақстан спортшылары алтыншы жарыс күнінде 5 медаль жеңді
ҚР ТСМАшу
ТҮРКІСТАНДА ТАРИХ ПЕН БОЛАШАҚ ТОҒЫСТЫ
Түркістан қаласы әкімінің аппаратыАшу
ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ
Түркістан қаласы әкімінің аппаратыАшу
Құрметті қала тұрғындары!
Түркістан қаласы әкімінің аппаратыАшу
Алматыда Республика күніне орай мың жас флешмобқа қатысты
Алматы қаласының әкімдігіАшу
"Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті" жаңалықтары

2026 ЖЫЛЫ ҚАЗАҚСТАНДА САЛЫҚ ЗАҢНАМАСЫН БҰЗҒАНЫ ҮШІН ҚАНДАЙ АЙЫППҰЛДАР КӨЗДЕЛГЕН?
Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіАшу
Сыйға алынған пәтерді сату кезінде ЖТС төлеу міндеттемесі қашан туындайды?
Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіАшу
20 қазанда салық есептілігі нысандарын тапсыру және салықтар мен төлемақыларды төлеу мерзімі аяқталады
Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіАшу
САЛЫҚТЫҚ ЕСЕПТІЛІКТІ ҰСЫНУДЫ ТОҚТАТА ТҰРУ ЖӘНЕ ҚАЙТА БАСТАУ ТУРАЛЫ
Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіАшу
@SALYQBOT ЦИФРЛЫҚ САЛЫҚ КЕҢЕСШІСІ
Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіАшу