Үйлестіру кеңесінің отырысы
Ағымдағы жылдың 21 қазанында Департамент басшысы Гүлнәр Темірболатқызы Таласбаева Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Н. М. Нәлібаевтың қатысуымен Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Б. Н. Асыловтың төрағалығымен заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысына онлайн- режимде қатысты.
Кеңесте заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстың қорытындылары айтылды, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың жай-күйі туралы статистикалық деректер келтірілді.
Баяндамалармен Бас прокуратураның Сотқа дейінгі тергеп-тексеру және қылмыстық қудалау заңдылығын қадағалау қызметінің бастығы Д.Е. Ақылбеков, ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Ж.С. Шарабасов, Ішкі істер вице-министрі И.В. Лепеха сөз сөйледі. Баяндамаларды талқылау бойынша жарыссөзде депутат, I шақырылымдағы Қазақстан Құрылтайы төрағасының орынбасары, Қазақстандағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Д.Б. Закиева сөйледі. Кеңес қорытындысы бойынша шаралар мен жаңашыл жұмыс әдістері ұсынылды.







