Газ тұтыну жабдықтарын пайдалану кезінде газдан ажырату автоматикасымен табиғи және тұншықтырғыш газдың шығуын сезетін сигнал берушілерді орнатыңыздар.
ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:
- пешті пайдалануға балаларды және өз ісіне жауап бере алмайтын, пешті пайдалану ережелерін білмейтін өзге адамдарды жақындатуға;
- пеш қондырғыларына өз еркімен өзгеріс енгізуге және жөндеуге;
- бекіткіштің иінтірегін клапан батырмасына күшпен тартуға, себебі бұл қауіпсіздік автоматикасын істен шығарып, қайғылы оқиғаларға себеп болады;
- газ плиталарын үйді жылыту үшін қолдануға;
- желкөз және желдеткіш каналдар жабық тұрған кезде, қаланған кірпіштердің тұтастығы бұзылғанда, сылақ жарылғанда және мұржадан түтін тартпағанда пештерді пайдалануға;
- газ жабдықтары орнатылған бөлмелерде ұйықтауға және демалуға;
- жанарғыны өз еркімен бұзып, қайта орнатуға;
- қолдан жасалған пештерді өз күшімен орнатуға, пайдалануға.
ЕСТЕН ШЫҒАРМАҢЫЗДАР!
Жарылыс немесе өртке себеп болған газ жабдықтарын пайдаланудың қауіпсіздік ережелерін сақтамау іс барысындағы заң бойынша жауапкершілікке тартуға негіз болады!
ПӘТЕРДЕ ГАЗ ИІСІ СЕЗІЛСЕ:
- Жедел түрде барлық газ крандарын жабу керек.
- Бөлмені желдету керек.
- Ашық отты, электр құралдарын пайдалануға тыйым салынады.
- 104 телефоны бойынша апат қызметін шақыру керек.
ТҰНШЫҚТЫРҒЫШ ГАЗБЕН УЛАНУ БЕЛГІЛЕРІ (CO көлемі)
0,08% — Жеңіл
Бас ауруы, тұншығу, бас айналу, кеуденің ауруы, құрғақ жөтел, жүректің айнуы, құсу, түрлі елестер, қан қысымының көтерілуі.
0,32%-ға дейін — Орташа
Қозғалудың қиындауы, естен тану.
1,2%-дан жоғары — Ауыр
Ауа жұтқаннан кейін естен тану, сіңірдің тартылуы, тыныс алудың бұзылуы (адам 3 минутқа жетпей көз жұмады).
АЛҒАШҚЫ КӨМЕК
- Дәрігер шақыру.
- Дәрігер келгенге дейін. Жеңіл уланған жағдайда мүсәтір спиртін иіскетіп, кофе немесе қызыл шай ішкізу керек.
- Уланған жағдайда далаға шығару керек. Еркін тыныстауға кедергі келтіретін киімді шешіп, жайлы жерге жатқызу керек. Қажет болса, қолдан дем алдыру қажет.
Газ қызметінің телефоны: 104








