1 / 5
2026 жылғы 27 қазанда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінде Жаңаөзен қаласы бойынша еңбек заңнамасы бөлімінің бас маманы А.Айтбай «Зерде негізгі орта мектебі» ЖШС ұстаздар ұжымын қабылдады.
Қабылдау барысында еңбек заңнамасының талаптары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Ұстаздар ұжымы бір жылдан бері зейнетақы жарналары аударылмай отырғанын, еңбек демалысына қатысты төлемдердің толық көлемде төленбегенін, сондай-ақ жалақыға қатысты мәселелер бар екенін жеткізді.
Департамент маманы ұжым мүшелерінің ұжымдық өтінішін қабылдап алды.









