Сарыағаш ауданында тұрғындарды сапалы коммуналдық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету және елді мекендердің инженерлік желілерін дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Осы орайда аудан әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласындағы тұрғын үйлерді орталықтандырылған кәріз жүйесімен қамтамасыз ету жобасының бірінші кезеңі аясында құрылыс жұмыстарын бастауға дайындық барысына назар аударды.
Жоба аясында құрылыс жұмыстарының сапасына, іске асырылу барысына және белгіленген талаптардың сақталуына ерекше назар аударылмақ. Аудан әкімі мердігер мекеме өкілдеріне құрылыс жұмыстарын бекітілген кестеге сәйкес сапалы орындау, пайдаланылатын материалдардың талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету және жұмыстың әр кезеңіне жауапкершілікпен қарау қажеттігін атап өтті.
Аталған жобаның тапсырыс берушісі – «Сарыағаш ауданының ТҮКШ бөлімі» мемлекеттік мекемесі. Құрылыс жұмыстарын «УниверсалСтрой сервис» ЖШС жүзеге асырады. Авторлық қадағалауды «МПК-проект» ЖШС, ал техникалық қадағалауды «Улмад» ЖШС жүргізеді.
Құрылыс аясында жалпы ұзындығы 87 шақырым болатын кәріз желілерін жүргізу көзделген.
Жобаны іске асыру нәтижесінде Сарыағаш қаласындағы тұрғын үйлерді орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосуға мүмкіндік жасалып, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға, санитариялық-экологиялық жағдайды жақсартуға және қаланың инженерлік инфрақұрылымын жаңғыртуға жағдай жасалады.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі
САРЫАҒАШ ҚАЛАСЫНДА КӘРІЗ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛУДА
1 / 4
Ұқсас материалдар

Қауіпсіздік – әрқайсымыздан басталады
Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаментіАшу
Алмасадам Сәтқалиев АҚШ Мемлекеттік департаментінің өкілімен кездесті
Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігіАшу
Республика күніне орай «Қазақша QUIZ» интеллектуалдық сайысы өтті!
Атырау облысы Экономика және қаржы басқармасыАшу
ТҮРКІСТАНДА АБАТТАНДЫРУ ТАЛАПТАРЫНЫҢ САҚТАЛУЫ ТЕКСЕРІЛДІ
Түркістан қаласы әкімінің аппаратыАшу
ҚАЛА ЖОЛДАРЫНДАҒЫ ҚОЗҒАЛЫС ҚОЛАЙЛЫЛЫҒЫ АРТАДЫ
Түркістан қаласы әкімінің аппаратыАшу
"Сарыағаш ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары

ТЕГІСШІЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!
Сарыағаш ауданы әкімінің аппаратыАшу
ДАРБАЗА АУЫЛДЫҚ ОКРУГ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!
Сарыағаш ауданы әкімінің аппаратыАшу
САРЫАҒАШТА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ КҮЗГІ НАУҚАНЫ ЖАЛҒАСУДА
Сарыағаш ауданы әкімінің аппаратыАшу
САРЫАҒАШ АУДАНЫ – «КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНЫНЫҢ» ЖҮЛДЕГЕРІ!
Сарыағаш ауданы әкімінің аппаратыАшу
АУДАНДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Сарыағаш ауданы әкімінің аппаратыАшу