САРЫАҒАШ АУДАНЫ – «КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНЫНЫҢ» ЖҮЛДЕГЕРІ!

    1 / 9

    Республика күніне орай Төлеби ауданында өткен дәстүрлі облыстық «Көшпенділер ойыны» ұлттық спорт жарысында Сарыағаш ауданының командасы жүлделі үшінші орынды иеленді.

    Түркістан облысының 10 ауданынан келген командалар қатысқан дүбірлі додада спортшылар қазақ күресі, мас-рестлинг, жамбы ату, аударыспақ, көкпардың жекелей түрі, арқан тарту және қошқар көтеру сынды ұлттық спорт түрлерінен бақ сынады.

    Жалпыкомандалық есепте үздік үштіктен көрінген Сарыағаш спортшылары аудан мерейін үстем етті. Сонымен қатар аудан жастары ұлттық нақыштағы ерекше киім үлгісі номинациясында жеңімпаз атанып, ұлттық болмысымызды айшықтай түсті.

    Айта кетейік, Сарыағаш ауданының жастары дәстүрлі облыстық «Көшпенділер ойынында» соңғы бес жыл бойы жүлделі орындардан көрініп келеді. Бұл – жастардың ұлттық спортқа деген қызығушылығы мен жүйелі еңбегінің нәтижесі.

    Ұлттық құндылықтарды дәріптеп, ата-баба мұрасын жаңғыртқан бұл жарыс жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік рухты қалыптастырып, ұлттық спорттың өркендеуіне жол ашады.

    Сарыағаш ауданының командасын жүлделі орындарымен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда толағай табыс, биік белестер мен жаңа жеңістер тілейміз!

    Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Сарыағаш ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары