Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұқаралық спортты дамыту және жастарға арналған спорттық нысандардың қолжетімділігін арттыру жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында Ақжар,Жемісті ауылдық округтеріне қарасты елді мекендерде заманауи спорт алаңшалары пайдалануға берілді.
Ақжар ауылдық округінде ашылу рәсімне ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспанов, Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев қатысып, ауыл тұрғындарын мерекемен құттықтады.
Ашылу рәсімінде аудан әкімі жаңа спорт нысандарының ауыл тұрғындары, әсіресе жас ұрпақ үшін маңызы зор екенін атап өтті.
– Бұл – мемлекетіміздің жас ұрпақты қолдауға, олардың денсаулығын нығайтуға және бұқаралық спортты дамытуға бағытталған жүйелі саясатының жарқын көрінісі. Жаңа спорт алаңшалары балалар мен жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне, салауатты өмір салтын ұстануына және спортқа деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді. Осындай игі бастамалар ауыл жастарының спортпен тұрақты айналысуына жол ашып, болашақ чемпиондардың қалыптасуына ықпал етеді, – деді аудан әкімі.
Аталған спорт алаңшалары аудандық бюджет есебінен салынды. Нысандарда кіші футбол ойнауға арналған арнайы алаңдар, workout аймақтары, сондай-ақ балаларға арналған әткеншектер мен сырғанақтар қарастырылған.
Жаңа спорт нысандарының пайдалануға берілуі – елді мекендердің инфрақұрылымын жақсарту, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру және өскелең ұрпақтың салауатты өмір салтын қалыптастыру жолындағы маңызды қадам.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі
РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ЗАМАНАУИ СПОРТ АЛАҢШАЛАРЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ.
1 / 19
Ұқсас материалдар

Түркістан облысы Бәйдібек ауданындағы «Мұрсалы» шаруа қожалығы 500 гектар алқапқа бидай мен жүгері егеді. Егістік алқаптары отандық өндірістен шыққан жаңбырлатып суару жүйелері арқылы суарылады.
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігіАшуМемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы – азамат сенімінің негізі
«Долинка кенті әкімінің аппараты» ММАшу
РЕСПУБЛИКА КҮНІ: ЕРЕН ЕҢБЕККЕ – ЕЛЕУЛІ ҚҰРМЕТ
Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасыАшу
МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасыАшу
МЕРГЕНДІК. ШЕБЕРЛІК. ЖЕҢІСКЕ ДЕГЕН ЖІГЕР!: Абай облысында атудан тартысты турнир өтті
Абай облысының Полиция департаментіАшу
"Сарыағаш ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары

АУДАНДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Сарыағаш ауданы әкімінің аппаратыАшу
ЖІБЕК ЖОЛЫ ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ СПОРТТЫҚ ЖӘНЕ БАЛАЛАР ОЙЫН АЛАҢДАРЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Сарыағаш ауданы әкімінің аппаратыАшу
САРЫАҒАШТА «ТАЗА ЖОЛ – ТАЗА ОРТА» АКЦИЯСЫ ӨТТІ
Сарыағаш ауданы әкімінің аппаратыАшу
САРЫАҒАШ: «ҚЫРАН ЕЛІМ – ҚАЗАҚСТАНЫМ!» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ
Сарыағаш ауданы әкімінің аппаратыАшу
ТҮРКІСТАН: САРЫҒАШТА ЕКІ МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН АШЫЛДЫ
Сарыағаш ауданы әкімінің аппаратыАшу