Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев «Ақмаржан» агромәдени фестивалі аясында Қызылорда қаласында өткен «Алтын күз – 2026» ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесін аралады.
Жәрмеңкеде барлық аудандар мен Қызылорда қаласының шаруалары тұрғындарға 450 жүк көлігімен 1200 тоннадан астам өнім ұсынды. Өнімдер нарықтағыдан төмен бағамен сатылуда.
Сауда сөрелерінен Сырдың брендіне айналған ақ күріш, Аралдың балығы мен ас тұзы, табиғи сүт өнімдері, ет, көкөніс, жеміс-жидек және бақша өнімдері табылады. Әсіресе, балық, құрт, ірімшік, күріш, көкөніс пен жеміс-жидекке тұтынушылар сұранысы жоғары болды.
Қармақшы ауданынан 70 көлікпен 150 тоннаға жуық өнім жеткізілсе, Жалағаш ауданының шаруалары 200 тоннаға жуық өнім ұсынды. Сырдария ауданынан 50 көлікке тиелген 200 тонна өнім әкелінді.
Арал ауданынан 75 тоннаға жуық өнім, оның ішінде 15 тонна балық, 25 тонна көкөніс, 25 тонна жеміс-жидек, 3 тонна ас тұзы және 5 тонна ет өнімдері жеткізілді. Теңізді өлкенің балығына тұрғындар ерекше қызығушылық танытты.
Қазалы ауданының шаруалары күріш, ет, балық, көкөніс, бақша өнімдерімен қатар, Қазалы кәмпиттерін де ұсынды. Тұрғындар 10–15 пайыз төмен бағамен сатып алды.
Жаңақорған ауданынан 50 көлікпен 65 тонна картоп, 25 тонна асқабақ, 60 тоннадан астам көкөніс пен жеміс-жидек саудаға шықты. Сатылымда ет, балық және кондитерлік өнімдер де бар.
Қызылорда қаласының жәрмеңкесінен тұрғындар күріш, ет пен балық, қауын-қарбыз, картоп, сәбіз, пияз, асқабақ, көкөніс, жеміс-жидек, сүт және кондитерлік өнімдер сатып алды.
Ал Тасбөгет кентінің орталық алаңында Шиелі ауданының шаруалары 150 тоннадан астам өнімін ұсынды. Тұрғындарға күріш, картоп, бақша өнімдері, асқабақ, ет, сүт, көкөніс және бакалея өнімдері, сонымен қатар 30 бас тоқты әкелінді.
«Алтын күз – 2026»: 1200 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімдері ұсынылды
1 / 28
Ұқсас материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨККЕ КӨТЕРІЛДІ
Байзақ ауданының әкімдігіАшу
Қазақстанда оқушылардың кітап оқу мәдениетін дамыту мүмкіндіктері кеңейіп келеді
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіАшу
«ТАРИХҚА ТАҒЗЫМ-ҰРПАҚҚА АМАНАТ» БАСТАМАСЫ АЯСЫНДА 500-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ СЕНБІЛІККЕ ШЫҚТЫ
Темір ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу
Зейнетақы төлемдерінің 2027 жылғы өсімі туралы бейнематериал жарияланды
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау Комитетінің Ақтөбе облысы бойынша ДепартаментіАшу
Оқу-ағарту министрі БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілімен кездесті
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіАшу
"Қызылорда облысының әкімдігі" жаңалықтары

Мемлекеттік Ту көтеру рәсімі өтті
Қызылорда облысының әкімдігіАшу
Қызылордада ат бәйгесі өтті
Қызылорда облысының әкімдігіАшу
«Сұлу сырдан сазды сәлем»: Бейжің аспанында қазақ әні қалықтады
Қызылорда облысының әкімдігіАшу
Республика күні: Ерен еңбекке – елеулі құрмет
Қызылорда облысының әкімдігіАшу
«Алтын күз – 2026»: Ел ырысын еселеген дала еңбеккерлеріне құрмет көрсетілді
Қызылорда облысының әкімдігіАшу