Қабанбай ауылдық округінде 80 орындық жаңа спорт кешенінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Ауылдың спорттық инфрақұрылымын дамытуға бағытталған бұл игі бастама тұрғындардың салауатты өмір салтын ұстануына, жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыруға және бұқаралық спортты дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады.
Салтанатты шарада Алакөл ауданының әкімі Алмас Сапарғалиұлы Әбдинов құттықтау сөз сөйлеп, жаңа спорт кешенінің ауыл өміріндегі маңыздылығын атап өтті.
Мерекелік шара барысында Қабанбай ауылдық мәдениет үйінің әжелері шашу шашып, салтанатты жиынның сәнін келтірді. Сонымен қатар, мәдениет үйінің қызметкерлері дыбыс аппаратурасымен қамтамасыз ету және безендіру жұмыстарына атсалысып, шараның жоғары деңгейде өтуіне үлес қосты.
Жаңа спорт кешені құтты болсын! Ауылымыздың мерейін асырып, өскелең ұрпақтың спорттық жетістіктеріне жол ашатын, салауатты өмір салты салтанат құрған құтты мекенге айналсын!









