
1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Қабанбай ауылдық мәдениет үйінде «Қарттар – қоғамның алтын қазынасы» атты мерекелік шара ұйымдастырылды.
Мерекелік шараға ауылдың ақсақалдары, ардагерлері, зейнеткерлері және ауыл тұрғындары қатысты. Шара барысында ауыл әкімі Қайрат Құттыбекұлы ауылдың ақ жаулықты әжелері мен ардақты ақсақалдарын мерекемен құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Қарияларға деген құрметтің белгісі ретінде қарт әжелер мен зейнеткерлерге гүл шоқтарын табыстады.
Қабанбай ауылдық мәдениет үйі мен Қабанбай балалар шығармашылық орталығының өнерпаздары қарияларға арнап әсем әндер шырқап, мың бұралған билерін ұсынып, концерттік бағдарламамен көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Мерекелік шара барысында қарттарға құрмет көрсетіліп, олардың өмірлік тәжірибесі мен өнегесі кейінгі ұрпаққа үлгі екені атап өтілді.








