Қабанбай ауылдық мәдениет үйінде MELOMEN тобының ауылдық тур аясында ұйымдастырған тегін концерті аншлагпен өтті!
Әсем ән мен көтеріңкі көңіл күйге толы кеште зал көрерменге лық толып, ауыл тұрғындары ерекше әсерге бөленді. Көпшілік сүйікті әндерін бірге шырқап, тамаша демалыстың куәсі болды.
MELOMEN тобына қолдау білдіру мақсатында Жетісу өңірінен бірқатар өнер иелері де арнайы келіп, кештің сәнін келтіріп, думанын қыздырды.
Кеш соңында Қабанбай ауылдық мәдениет үйінің директоры, ҚР «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Ербол Кәрімұлы Ақшолақов мәдениет үйі ұжымы мен ауыл халқының атынан MELOMEN тобына шынайы алғысын білдірді.
Ауылға арнайы келіп, өнерлерін ақысыз ұсынып, халыққа көтеріңкі көңіл күй сыйлаған MELOMEN тобына және қолдау білдірген Жетісулық өнер иелеріне мың алғыс!
Өнерлеріңіз өрге жүзсін! Халықтың ыстық ықыласына бөленіп, шығармашылық табыстарыңыз арта берсін!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









