2026 жылғы 14 қазанда Қабанбай ауылдық мәдениет үйінде ақын, журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Құрмет» орденінің иегері Қуат Қайранбаевтың 65 жас мерейтойына арналған әдеби-сазды жыр кеші өтті.
Руханият кешіне ақындар Азамат Нұрмұхан, Салтанат Құмархан және әнші-сазгер Нұржан Ахметбек қатысты. Ақындар өз жырларын оқып, әнші-сазгер әсем әндерімен көрермендерге ерекше көңіл күй сыйлады.
Омар Молдағожин атындағы мектеп оқушылары ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, мәдениет үйінің өнерпаздары әннен шашу шашты. Ауылдық кітапхана қызметкерлері ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесін ұйымдастырды.
Мәдениет үйінің директоры, «Мәдениет саласының үздігі» Ербол Кәрімұлы Ақшолақов мерейтой иесін құттықтап, ізгі тілегін білдірді.
Жыр кеші — ақынға құрмет, әдебиетке тағзым, ұрпаққа өнеге!









