Экстремизм мен терроризм - әлемге төнген қауіп

    ҚР Қарулы Күштері Құрлық Әскерлері «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының Қызылорда гарнизонында орналасқан 66597 әскери бөлімінің қызметкерлерімен өткен кездесуде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселелері талқыланып, әскери қызметкерлерге қауіптің алдын алу жолдары түсіндірілді. Сарапшылар радикалды идеологиядан қорғауда қоғамның рөлі маңызды екенін атап өтті.

    Іс-шара барысында мамандар қоғамға төнетін қауіптерді түсіндіріп, радикалды идеологиядан қорғау жолдарын талқылады.

    Кездесу барысында Республикалық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, белгілі теолог Оспанов Бақтияр Есенгелдіұлы экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселелеріне түсіндірме жұмысын жүргізді.

    Әскери қызметкерлерге дәстүрлі дін мен экстремистік ағымдардың ара жігін ажырата білудің маңыздылығын айта отырып, теріс діни ағымдардың жетегінде кетпеуге және террорлық қауіп туындаған жағдайда әрекет ету алгоритмі түсіндірілді.

    Кездесу соңында әскери қызметкерлер өзара пікір алмасып, дінге қатысты дұрыс ақпараттың маңыздылығын ортаға салды.

    Жалпы әскери қызметкерлер қатысқан жиын қоғамда экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытындағы түсіндіру жұмыстарының маңызын көрсетті.

    Материал Қызылорда облысы бойынша ТҚК аппаратының негізінде дайындалды

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы" жаңалықтары