Сайрам ауданында орналасқан «№10», «Сайрам», «Далабазар» жалпы орта мектептерінің жоғары сынып оқушыларына және мектеп ұжымдарына терроризмге қарсы түсіндіру шаралары ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты – білім беру мекемелерінде экстремизм мен терроризм профилактикасын күшейту, олардың қоғамға тигізетін зияны туралы түсінігін кеңейту және алдын алу жолдарын насихаттау, күдікті заттар анықталған кезде жасалуы тиіс алгоритм реттілігін бойларына сіңіру болып табылады.
Кездесу барысында қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету, экстремизм мен терроризмнің алдын алу, жастарды теріс идеологиялардың ықпалынан қорғау мәселелері де түсіндірілді.
Мамандар бүгінгі таңда террористік ұйымдардың жастарды әлеуметтік желілер мен түрлі ақпарат көздері арқылы арбау тәсілдері көбейгенін атап өтіп, мұндай қауіп-қатерден сақтанудың жолдарына тоқталды.
Жиынға қатысушыларға әлеуметтік желілердегі қауіпті контентті ажырата білу мәселелеріне ерекше назар аударып, экстремизм мен терроризм сипаты бар күмән тудыратын ақпараттармен соқтығысқан жағдайда қайда және кімге жүгіну қажеттілігі түсіндірілді.
Экстремизм мен терроризм идеологияларының жастарға ықпал ету жолдары, шетелдік күмәнді оқу орындары және оларға кетудің теріс салдары, теріс идеологияны уағыздаушылар туралы кеңінен баяндалды.
Сондай-ақ, әлеуметтік желілерде таралатын зиянды ақпараттың белгілері және күмәнді контенттен қорғанудың тиімді тәсілдері түсіндірілді.
Іс-шара соңында оқушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, мамандар тарапынан тиісті жауаптарын алды.
Материал Түркістан облысы бойынша ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалды









