Бейбітшілік пен келісім — тұрақты қоғамның негізі

    «Дон Мар» ЖШС еңбек ұжымының облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Руслан Мурзагалиевпен кездесуі өтті.

    Кездесу барысында қатысушылар радикалды көзқарастардың таралуына қарсы тұру және заңнама талаптарын сақтау мәселелерін де талқылады. Қызметкерлерге экстремистік материалдарды таратқаны, алауыздықты қоздыруға жария түрде шақырғаны және қоғамдық келісімге нұқсан келтіруі мүмкін өзге де әрекеттері үшін қандай жауапкершілік көзделгені түсіндірілді.

    Кездесу ашық диалог форматында өтті: кәсіпорын қызметкерлері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тиісті түсініктемелер алды.

    Материал Қостанай облысы бойынша ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалды

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы" жаңалықтары