Онлайн бюджеттік мониторинг

    1 / 3

    Солтүстік Қазақстан облысы бойынша і шкі мемлекеттік аудит департаменті 2026 жылғы 23 қазанда Мамлют ауданының Мамлют қаласында Жамбыл, Қызылжар, Мамлют аудандарының және М.Жұмабаев атындағы аудан ы ныңмемлекеттік мекемелерінің өкілдерімен кездесу өткізді.

    Кездесу барысында талдау, жоспарлау, есептілік және сапаны бақылау бөлімінің б ас маманы – мемлекеттік аудитор ассистенті онлайн-бюджеттік мониторингті қолдану мәселелері бойынша түсініктемелер берді. Камералдық бақылау бөлімінің бас шысы камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған жиі кездесетін бұзушылықтарды қарастырды. Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнамаға енгізілген жаңашылдықтар талқыланды.

    Төлемдерге онлайн-бюджеттік мониторинг тұрақты негізде жүзеге асырылады. Мониторинг нәтижелері жеке тұлғалардың шоттарына еңбекақы төлеу түрінде артық ақша аудару фактілерінің бар екенін көрсетеді. Олардың қатарына жалақы, сыйлықақылар, еңбек демалысына ақы төлеу, уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша жәрдемақылар және өзге де төлемдер жатады.

    Онлайн-бюджеттік мониторингті қолдану бюджет қаражатын негізсіз аударудың алдын алуға, тиісті тәуекелдерді азайтуға, сондай-ақ жеке тұлғаларға төлемдер жүргізу кезінде бюджет заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    ""Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы"коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Мамлют ауданының білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары