Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаментінде өрт сөндіру бөлімшелері арасында «Үздік газ-түтіннен қорғау қызметі буыны» атағына кәсіби шеберлік байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты – өрт сөндірушілердің кәсіби даярлығын арттыру, тыныс алу және көру органдарын қорғау құралдарымен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру және үздік мамандарды анықтау.
Қатысушылар түтін-газ камерасынан өту, өрт сөндіру автокөлігінен жауынгерлік қанат жаю, өрт сөндіру кроссфиті және қауіпсіздік бекетіндегі посттықтың білімі мен практикалық дағдылары бойынша сынға түсті.
Жалпы командалық есептің қорытындысы бойынша:
1-орын – № 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі;
2-орын – № 22 өрт сөндіру бөлімі;
3-орын – № 3 өрт сөндіру бөлімі.
Байқау өрт сөндірушілердің кәсіби шеберлігін шыңдап, күрделі жағдайларда әрекет ету және командалық үйлесімділікті арттыруға мүмкіндік берді.
Ақтөбе облысының ТЖД









