СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ — БАСТЫ МІНДЕТ

    1 / 3

    Бүгін, 28 қазан күні Қызылжар ауылдық округінің әкімі әкім аппараты қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күрес мәселелері бойынша жиын өткізді.

    Жиын барысында қоғамның дамуына кедергі келтіретін аса қауіпті құбылыстардың бірі — сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, оның алдын алу шаралары және мемлекеттік қызметтегі адалдық пен жауапкершілік мәселелері талқыланды.

    Сыбайлас жемқорлық — заң бұзушылық қана емес, ол халықтың мемлекетке деген сеніміне нұқсан келтіріп, әділдік пен ашықтық қағидаттарын бұзатын үлкен қатер. Заңдылық пен тәртіп сақталған жерде ғана тұрақты даму мен нәтижелі жұмысқа жол ашылады.

    Мемлекеттік қызметшілердің басты міндеті — халыққа адал қызмет ету, заң талаптарын қатаң сақтау, ашықтық пен әділдік қағидаттарын ұстану. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру — әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысы Кербұлақ ауданы Қызылжар ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары