1 / 3
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Республика күніне орай ұйымдастырылған облыстық журналистер байқауының жеңімпаздарын марапаттады.
Журналистер қауымы ел тәуелсіздігін нығайтуға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және қоғам мен билік арасындағы байланысты бекемдеуге зор үлес қосып келеді.
Қостанай облысының дамуын, өңіріміздің әлеуетін, жаңа жобалар мен еңбек адамдарының жетістіктерін кеңінен танытуда БАҚ өкілдерінің еңбегі ерекше. Сапалы әрі шынайы ақпарат өңіріміздің танымалдығын арттырып, инвестициялық тартымдылығын нығайтуға да ықпал етеді.
«Қоғамға адал қызмет етіп, халықтың үнін жеткізіп жүрген барша журналистерге шынайы алғысымды білдіремін!», – деді аймақ басшысы құттықтау сөзінде.









