1 / 8
Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелерінде қысқы кезеңде қызмет атқаруға дайындық деңгейі тексерілді.
Тексеру барысында жедел-құтқару жасағы мен өрт сөндіру бөлімшелеріндегі арнайы техникалардың, аэроқайықтар мен құтқару жабдықтарының техникалық жай-күйі және төмен температура жағдайында жұмыс істеуге дайындығы бағаланды.
Сонымен қатар, жеке құрамның қысқы кезеңде төтенше жағдайларға жедел ден қоюға және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге әзірлігіне назар аударылды.









