ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫ ҚАУІПСІЗДІГІ: АБАЙ ОБЛЫСЫНДА БІР АПТАДА 3 912 ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ ЖОЛЫ КЕСІЛДІ

    Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу бағытында жүргізілген жұмыстар нәтижесінде Абай облысында бірқатар құқық бұзушылықтардың жолы кесілді. Атап айтқанда, маневр жасау қағидаларын бұзғаны үшін 92 жүргізуші, жолаушыларды тасымалдау талаптарын сақтамағаны үшін 225 жүргізуші, көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарғаны үшін 17 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, тиісті рұқсатсыз көлік құралдарының конструкциясын қайта жабдықтаған 51 жүргізушіге қатысты заңда көзделген шаралар қабылданды.

    Жолдағы тәртіпке немқұрайлы қараудың салдарына жол бермеу мақсатында жылдамдық режимінің сақталуына да ерекше назар аударылды. Нәтижесінде белгіленген қозғалыс жылдамдығын асырып, жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен қауіпсіздігіне қатер төндірген 3 527 жүргізушінің құқық бұзушылығының жолы кесілді.

    Жолдағы әрбір ереже — адам өмірінің кепілі, ал оны елемеу орны толмас өкінішке әкелуі мүмкін. Осыған байланысты жол қозғалысы қағидаларының сақталуын бақылау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жүргізушілердің жауапкершілігін арттыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасатын болады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Абай облысының Полиция департаменті" жаңалықтары