Алматы–Өскемен тасжолында жүк көлігі аударылды

    23 қазанда Алматы–Өскемен автожолының 1600-шақырымында жол-көлік оқиғасы орын алды.

    Алдын ала мәлімет бойынша, 39 жастағы Renault Griis маркалы жүк көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлік аударылып кеткен.

    Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер жоқ.

    Абай облысы Полиция департаменті жүргізушілерді жолда мұқият болуға, әсіресе бұрылыстардан өту кезінде жылдамдық режимін сақтап, көлік құралын басқару кезінде барынша сақ болуға шақырады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Абай облысының Полиция департаменті" жаңалықтары