Қазақстан Республикасының Республика күні қарсаңында Осакаров аудандық орталық ауруханасының екі дәрігері кәсіби еңбегі мен денсаулық сақтау саласына қосқан үлесі үшін ведомстволық наградаларға ие болды.
Бекишев Эрлан Эрикович — дәрігер-стоматолог «Салаға қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды.
Кунах Татьяна Павловна — дәрігер-офтальмолог «Денсаулық сақтау саласының үздігі» төсбелгісіне ие болды.
Бұл марапаттар — медицина қызметкерлерінің кәсібилігіне, өз ісіне деген адалдығына және халық денсаулығын сақтауға қосқан үлесіне берілген лайықты баға.
Эрлан Эрикович пен Татьяна Павловнаны құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, отбасылық амандық, кәсіби табыс және еңбектеріңізге толағай жетістіктер тілейміз! Пациенттердің алғысы мен құрметіне бөленіп, абырой биігінен көріне беріңіздер!








