Осакаровка кентінде алғашқы модульдік ветеринариялық пункт ашылды

    1 / 3

    Қазақстан Республикасының Республика күні қарсаңында Осакаровка кентінде аудандағы алғашқы модульдік ветеринариялық пункттің ашылу рәсімі өтті.

    Жаңа нысан ветеринария мамандарының еңбек жағдайын жақсартуға, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға және ветеринариялық іс-шараларды қауіпсіз жүргізуге мүмкіндік береді.

    Қазіргі таңда Осакаров ауданында 23 ветеринариялық пункт жұмыс істейді. Алайда олардың бірқатарының жеке ғимараты жоқ. Бұл мәселені шешу мақсатында биыл аудан аумағында 11 модульдік ветеринариялық пункт орнату жоспарланған.

    Бұған дейін Осакаровка кентінің ветеринария мамандары кент әкімдігінің ғимаратында жұмыс істеп келген. Енді олар үшін жеке ғимарат жабдықталып, вакциналар мен биологиялық препараттарды сақтауға, зертханалық зерттеулер мен басқа да ветеринариялық іс-шараларды жүргізуге қажетті жағдайлар жасалды.

    Жаңа пункттің жанында 180–200 бас ірі қара малға арналған арнайы алаң да салынды. Бұл тұрғындарға малдарын қажетті ветеринариялық шаралардан өткізу үшін өздері әкелуге, ал мамандарға жұмыстарын тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

    Жаңа ветеринариялық пункттің ашылуы ауданның ветеринариялық инфрақұрылымын дамытуға, эпизоотиялық тұрақтылықты қамтамасыз етуге және ауыл тұрғындарына көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам болды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Осакаров ауданының әкімдігі" жаңалықтары