Осакаров ауданының әкімдігі

    Жалпы ақпарат

    «Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Әкім аппараты) Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкiмінiң және әкімдігінің қызметiн ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

    Әкім аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Жер учаскесіне жалдау құқығын сатып алу мәселелері

    Жауап

    Жер учаскесінің жалдау құқығын сатып алу Қазақстан Республикасы жер заңнамасымен реттеледі және жалға алушыға мемлекеттік меншіктегі жер учаскесінің меншік құқығын алу мүмкіндігін қарастырады. Сатып алу құқығы бар тұлғалар Жер учаскесін сатып алу құқығы келесі тұлғаларға беріледі: Жер учаскесінің жалға алушылары; Жер учаскесін оның мақсатты пайдалануына сай қолданатын тұлғалар; Жалдау ақысы мен басқа міндетті төлемдер бойынша берешегі жоқ тұлғалар; Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын сақтайтын тұлғалар. Сатып алу тәртібі Өтініш беру Жалдаушы жер учаскесінің орналасқан жері бойынша жергілікті атқарушы органға (әкімдікке) өтініш береді. Өтінішті қарау Уәкілетті орган өтінішті қарап, құқықты растайтын құжаттарды және жер учаскесін оның мақсатты пайдалануына сай қолдануын тексереді. Бағасын анықтау Жер учаскесін сатып алу құны қолданыстағы заңнама және бекітілген нормативтерге сәйкес анықталады. Шешім қабылдау Өтініш қаралғаннан кейін жер учаскесін сатып алу құқығын беру туралы шешім қабылданады. Меншік құқығын рәсімдеу Белгіленген құн төленгеннен кейін жер учаскесінің меншік құқығы заңда көрсетілген тәртіппен рәсімделеді. Қажетті құжаттар Белгіленген үлгі бойынша өтініш; Жеке куәлік; Жер учасесін жалдау шарты; Жылжымайтын мүлікке қатысты құжаттар (бар болса); Уәкілетті орган сұраған басқа құжаттар. Толығырақ ақпарат алу үшін жер учаскесінің орналасқан жері бойынша жер қатынастары бөлімінен хабарласу қажет.

    Сұрақ

    Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру

    Жауап

    Қазақстан Республикасының мемлекеттік тұрғын үй қоры азаматтарды әлеуметтік тұрғын үймен қамтамасыз етуге арналған. Оған тұрғын үйге мұқтаж азаматтар, жас отбасылар және азаматтардың жекелеген санаттары (көпбалалы отбасылар, ардагерлер, мүгедектігі бар адамдар және т.б.) жатады. Кімдер тұрғын үй ала алады Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй келесі азаматтарға беріледі: аудан аумағында ресми тіркеліп, тұрақты тұратын; тұрғын үй жағдайын жақсартуға мұқтаж; белгіленген тәртіппен тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепке алынған; Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келетін азаматтар. Тұрғын үй алу тәртібі Өтініш беру – азамат тұрғын үй мәселелерімен айналысатын бөлімге (Отбасы банк / тұрғын үй қорын басқаратын жергілікті органға) өтініш береді. Құжаттарды тексеру – уәкілетті мамандар ұсынылған құжаттарды, кезек тізімін және талаптардың сақталуын тексереді. Кезекке қою – азамат тұрғын үй алуға кезекте тұрғандардың тізіміне енгізіледі. Тұрғын үй бөлу – мемлекеттік тұрғын үй қорының бос тұрғын үйлері болған жағдайда және кезектілік сақтала отырып, пәтер немесе үй беріледі. Меншік құқығын рәсімдеу – тұрғын үй берілгеннен кейін азаматқа заңнамаға сәйкес меншік құқығы рәсімделеді. Қажетті құжаттар Белгіленген үлгідегі өтініш; Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі; Неке туралы куәлік (бар болған жағдайда); Отбасы құрамы туралы анықтама; Мұқтаждықты растайтын құжаттар (қажет болған жағдайда). Байланыс Толық ақпарат алу және құжаттарды тапсыру үшін төмендегі мекенжайға жүгінуге болады: Осакаров ауданының тұрғын үй қатынастары бөлімі Телефон: 8 (72149) 5-05-88

    Сұрақ

    Мен 2021 жылға мүлік салығын төлеуге шот алдым, бірақ мерзімі көрсетілмеген. Оны қай күнге дейін төлеу керек? Көлік салығын төлеу мерзімдерін айтыңыз.

    Жауап

    Салық кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап жер мен мүлік салығы бір мүлік салығына біріктірілді. Енді үй мен жер үшін салық бірыңғай сомамен төленеді. 2020 жылға мүлік салығын төлеу мерзімі 2021 жылғы 1 қазанда аяқталады.

    Сұрақ

    2020 жылы мен үй сатып алдым. Енді оның ішінде жөндеу жұмыстарын жүргізу керек, сыртын оқшаулау керек. Сонымен қатар, мен үй, ағаш және монша салғым келеді. Зейнетақы жинақтарын пайдалана аламын ба? Өйткені, олар маған тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін қажет. Тұрғын үйге ақшаны кім ала алады?

    Жауап

    Иә, Отбасы банкі арқылы сіз жеткіліктілік шегінен асатын өз жинақтарыңызды ала аласыз. Жеке жинақтарыңыз жеткіліксіз болған жағдайда жақын туысыңыздан немесе жұбайыңыздан қаражат алуға болады. Тұрғын үйден басқа, зейнетақы ақшасын емделуге жұмсауға немесе активтерді сенімгерлік басқаруға беруге болады.

    Сұрақ

    Неліктен ковидпен ауыратын адамдар плазманы тапсыруы керек? Мен бұл процедурадан бас тарта аламын ба?

    Жауап

    Коронавирустық инфекциямен ауыратын науқастарға плазманы тапсыру қажет емес. Бұл тек ерікті іс. Антиденелері бар иммундық плазма қазіргі уақытта ауруханаларда ауыр және өте ауыр жағдайда жүргендерге қажет. Бұл коронавирустық инфекциямен ауыратын науқастар үшін жалғыз нақты емдеу әдісі.

    Сұрақ

    Мен өз ЖК аштым, бірақ қазір жұмыс істей алмаймын, оны жабғым келеді. Мұны қалай жасау керектігін айтыңыз. Рахмет.

    Жауап

    ЖК-ны тіркеу есебінен шығаруды салық органы жүргізеді. Егер сіз оны жабуды шешсеңіз, онда сізде қарыздарыңыз жоқ екеніне көз жеткізіп, содан кейін тіркеу орны бойынша салық қызметіне хабарласыңыз.

    Қаулы жобасы

    ҚАУЛЫ ЖОБАСЫ 2027 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету тарифтерін бекіту туралы

    Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 142-бабына,«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы» 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығына сәйкес(нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 болып тіркелді)аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2027 жылға арналғанарнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету тарифтері бекітілсін. 2.«Осакаров ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде жіберуді; 2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануынқамтамасыз етсін. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Осакаров ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 4.Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбеліккүн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Аудан әкіміР. Нурмуханбетов Орын. А. Тулеуова Осакаров ауданы әкімдігінің 2026 жылғы «___» ________ № ________ қаулысына қосымша 2027 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуге тарифтер № Арнаулыәлеуметтікқызметтеркөрсететінұйымныңатауы Қызметтің атауы Айына 1 қызмет алушыға арналған тариф (теңге) Күніне 1 қызмет алушыға арналған тариф (теңге) 1 Осакаровауданыныңжұмыспенқамтужәнеәлеуметтікбағдарламаларбөлімінің«Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Үйдеарнаулыәлеуметтікқызметтеркөрсету 68375,84 3255,99

    Жарияланды:
    Баспасөз-хабарлама

    «2027 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуге тарифтерді бекіту туралы» Осакаров ауданы әкімдігінің қаулысының жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

    «2027 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуге тарифтерді бекіту туралы»Қазақстан Республикасының әлеуметтік кодексінің 142-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы»2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығынасәйкесәзірленді. Бұл жобаның мақсаты 2027 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынуға арналған тарифтерді бекіту болып табылады. Осы қаулыны қабылдау қаржылық шығындарды көздемейді. Осакаров ауданы әкімдігі қаулысының жобасы "Ашық НҚА" порталында орналастырылуға жатады. Әкімдік қаулысының жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және / немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Қарағанды облысы Осакаров ауданы Озерный ауылдық округінің сайланған әкімін тіркеу туралы ХАБАРЛАМА

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Осакаров ауданының аумақтық сайлау комиссиясының Қарағанды облысы Осакаров ауданы Озерный ауылдық округі әкімін сайлау бойынша дауыс беру қорытындылары туралы хабарламасы

    Жарияланды:
    Қаулы

    Құрылыс объектісін апаттық деп тану және бұзуға жатқызу туралы

    Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Трудовое ауылы, Юбилейная көшесі, № 1 үй, 2-пәтер мекенжайында орналасқан құрылыс объектісін зерттеп-қарау материалдарын, 2026 жылғы 21 қазандағы құрылыс объектісін қарап-тексеру актісін, «QazNurtend» ЖШС-нің 2026 жылғы 19 қазандағы № QNT19/10/2026-1 сараптамалық қорытындысын, 2026 жылғы 22 қазандағы ведомствоаралық комиссияның қорытындысын қарап, Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексінің 139-бабын, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 16 маусымдағы № 310 бұйрығымен бекітілген Құрылыс объектісінапаттықдеп тану және бұзуға немесе реконструкциялауға жатқызу қағидалары мен негіздерінің 32, 35–39-тармақтарын басшылыққа ала отырып, Осакаров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Құрылыс конструкцияларының сыни деңгейде зақымданғаны, одан әрі қауіпсіз пайдаланудың мүмкін еместігі және опырылып құлау қаупі техникалық зерттеп-қарау нәтижесінде анықталған, Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Трудовое ауылы, Юбилейная көшесі, № 1 үй мекенжайында орналасқан екі пәтерлі тұрғын үй авариялық деп танылсын және бұзуға жатқызылсын. 2.Апаттықтехникалық жай-күйіне және адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруіне байланысты аталған құрылыс объектісін одан әрі пайдалануға жол берілмейтіні белгіленсін. 3. Объектіні апаттықдеп тануға және бұзуға жатқызуға байланысты іс-шараларды орындаудың мынадай мерзімдері мен кезеңдері айқындалсын: 1)құрылыс объектісінің меншік иесі адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қауіпті аймақта адамдардың болуына жол бермеу жәнеапаттыққұрылыс объектісіне рұқсатсыз кіруді шектеу жөнінде қажетті шараларды дереу қабылдасын; 2)апаттық тұрғын үйдің орнына коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй берілген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен апаттық тұрғын үйді коммуналдық меншікке беру мүмкіндігі меншік иесіне түсіндірілсін; 3)апаттық тұрғын үй Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен коммуналдық меншікке берілген жағдайда, «Қарағанды облысы Осакаров ауданы Трудовое ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеме коммуналдық меншікке өту рәсімі аяқталғаннан және онда тұратын адамдардан босатылғаннан кейін құрылыс объектісін бұзуды ұйымдастырсын; 4)меншік иесі апаттық тұрғын үйді коммуналдық меншікке беруден бас тартқан жағдайда, құрылыс объектісін бұзу жөніндегі одан ары іс-шаралар Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексінің 143 және 144-баптарында көзделген тәртіппен және негіздер бойынша жүзеге асырылсын. 4. Осакаров ауданы әкімінің аппараты осы қаулыны объектіні апаттық деп тану мәселесін қарау туралы хабардар етілген меншік иесіне (иелеріне) және өзге де мүдделі тұлғаларға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен жолдасын. 5. Осы қаулыға Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91–93-баптарына сәйкес белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін. 6. Осы қаулы Осакаров ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Осакаров ауданының әкімі Р. Нурмуханбетов Орынд: А. Сағынтаев 87214943795

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Хабарландыру

    Құрметті сайлаушылар! Сіздерді 2026 жылғы 8 қарашада таңғы сағат 07.00-ден кешкі 20.00-ге дейін өтетін Озерный ауылдық округі әкімінің сайлауында дауыс беруге қатысуға шақырамыз. Тіркелген мекенжайыңыз бойынша дауыс бере аласыз: Озерный сайлау округі бойынша - Ералы ауылы, Абай к. 12, №554 сайлау учаскесі - Озерное ауылы, Шанырак к. 1, №555 сайлау учаскесі

    Жарияланды: