Озерный ауылдық округінде 8 қарашада өткен сайлауда жеңіске жеткен Марат Төребековті жаңа әкім ретінде таныстыру рәсімі өтті.
Марат Анарбекұлының жоғары заңгерлік білімі бар, ұйымдастырушылық және басшылық қызметте көпжылдық тәжірибесі бар.
Кездесу барысында Осакаров ауданының әкімі Руслан Нұрмұханбетов жаңа әкімнің алдына негізгі міндеттер қойды. Атап айтқанда, инфрақұрылымды дамыту, абаттандыру, тұрғындарды толғандыратын өзекті мәселелерді шешу және халықпен ашық диалог орнату қажеттігін атап өтті.
Кездесу соңында аудан басшысы жаңа әкімге ауылдық округ тұрғындарының игілігі жолындағы жұмысына табыс тіледі.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









