Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті·Жаңалықтар мұрағаты
1 / 2
Қазақстандық боксшы Марал Төлепберген Сенегал астанасы Дакарда өтіп жатқан IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасында қола медаль жеңіп алды.
54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің жартылай финалында отандасымыз Өзбекстан өкілі Сабрина Чакомоновамен кездесті.
Үш раундқа созылған жекпе-жекте төрешілер 5:0 есебімен өзбекстандық боксшының жеңісін тіркеді. Осылайша, Чакомонова финалға жолдама алса, Марал Төлепберген жарысты қола жүлдемен аяқтады.
📷 Olympickz
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.







