ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі «Спортты өңір» айдарын жалғастырады. Бұл айдарда өңірлердегі бұқаралық және балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту, спорт инфрақұрылымы мен спортшылардың жетістіктері туралы ақпарат жарияланады. Сондай-ақ ата-аналарға балалары үшін спорт үйірмелерін таңдауға көмектесетін пайдалы мәліметтер ұсынылады. Жобаның кезекті шығарылымы Алматы қаласына арналады.
Алматыда 955 мың тұрғын спортпен тұрақты айналысады. Қаладағы тегін жобалар, марафондар мен өзге де бұқаралық спорттық іс-шаралар 100 мыңнан астам қатысушыны қамтыды. Ал кәсіби спортта алматылықтар биыл Олимпиада алтынын иеленіп, Қазақстан, Азия және әлем чемпионаттарында 4 727 медаль жеңіп алды.
БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТ
Тұрғындардың үйіне жақын жерде жаттығуына мүмкіндік беру - Алматыдағы бұқаралық спортты дамытудың негізгі бағыттарының бірі. Бүгінде қала халқының 44 пайызы дене шынықтырумен және спортпен тұрақты айналысады.
Қалада «Спорт - достық алаңы» және « Almaty Move» тегін жобалары жұмыс істейді. Жүгіру мен велоспортқа қызығатын тұрғындар үшін « Бірлік жүгірісі», «Almaty Marathon», «Almaty Glow Ride 2026», «Gran Fondo», «Cycle Fest», «Winter Run» және «Медеу» баспалдақтарымен жүгіру секілді іс-шаралар өткізіледі.
Студенттер лигасымен « Балалар футбол лигасы » жобалары да жүзеге асырылып жатыр. Студенттер лигасында 35-тен астам жоғары оқу орнының 1 300-ден астам студенті футбол, волейбол және баскетболдан бақ сынады. Ал «Балалар футбол лигасы» 320 команда мен 8 мыңнан астам баланы қамтиды.
СПОРТШЫЛАРДЫ ДАЯРЛАУ ЖӘНЕ БЕЙІМДЕЛГЕН СПОРТ
Алматыда спорттың 81 түрі дамытылады, оның 32-сі олимпиадалық бағдарламаға кіреді. Қалалық спорт басқармасына қарасты 16 мекемеде 17 мың спортшы жаттығады. Бұл мекемелер жас таланттарды анықтап, олардың шеберлігін шыңдауға және ұлттық құрамаға спортшылар даярлауға мүмкіндік береді.
Мүгедектігі бар адамдарға арналған «Алматы» спорт клубында 756 спортшы жаттығады. Спорттың 23 түрі бойынша 61 жаттықтырушы жұмыс істейді. Клуб спортшылары республикалық және халықаралық жарыстарға қатысады.
СПОРТТЫҚ ЖЕТІСТІКТЕР
2026 жылдың 10 айында алматылық спортшылар Қазақстан, Азия және әлем чемпионаттарында 4 727 медаль жеңіп алды. Оның 1 658-і - алтын, 1 563-і - күміс, 1 506-сы - қола. Қазақстан чемпионаттарында 4 207, Азия чемпионаттарында 374, әлем чемпионаттарында 146 медаль иеленді.
Азия ойындарынаАлматыдан 122 спортшы қатысты. Бұл - Қазақстан құрамасының бестен бірінен астамы. Алматылықтар 22 медаль: 1 алтын, 7 күміс және 14 қола жеңіп алды.
АзияПараойындарында Алматының20 спортшысыалты спорт түрінен өнер көрсетіп, 4 алтын, 6 күміс және 1 қоламедаль жеңіп алды. Бұл - ұлттық құраманың осы жарыстағы барлық наградасының 22 пайызы.
СПОРТ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ
Алматыда 3 638 спорт нысаны бар. Қалада жаңа кешендер салынып, қолданыстағы нысандар жаңартылып жатыр. Ірі жобалардың қатарында 45 мың орындық жаңа стадион, «Медеу» мұз айдыны кешенін жаңғырту және ауданы 22 мың шаршы метрден асатын гимнастика орталығының құрылысы бар. Бір ауысымда 312 адамды қабылдауға арналған «Авиатор» спорт кешені де салынып жатыр. №9 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде жаңарту жұмыстары аяқталды. Нысан ашылуға дайын.
Сонымен қатар қалада мүгедектігі бар адамдарға арналған жаңа спорт кешені салынып жатыр. Ол бір ауысымда 100 адамды қабылдауға есептелген. Кешенде бассейндер, әмбебап спорт залы, емдік дене шынықтыру және тренажер залдары болады. Нысан мүгедектігі бар адамдардың қажеттіліктеріне бейімделеді.
Спорт инфрақұрылымын дамыту үшін 8 инвестициялық жоба қарастырылған. Олардың қатарында баскетбол, теннис және паделмен айналысуға арналған нысандар, көпфункционалды спорт кешендері мен паралимпиадалық жаттығу орталығы бар.
СПОРТ МЕДИЦИНАСЫ
Қалада 10 мың спортшы медициналық сүйемелдеумен қамтылған. Мамандар олардың денсаулығын бақылап, жаттығу жүктемесін дұрыс жоспарлауға және жарақаттан кейін қалпына келуіне көмектеседі. Trinity орталығында 350 спортшы оңалтудан өтті.
Тегін жаттығулар мен бұқаралық жарыстар тұрғындарды спортқа тартса, спорт мектептері, жаңа кешендер және медициналық сүйемелдеу спортшылардың тұрақты дайындалуына жағдай жасайды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.







