Қазақстан чемпионатында 9 боксшы алғаш рет алтын жүлде жеңіп алды

    Араға 12 жыл салып, 30 қазан - 6 қараша күндері аралығында Тараз қаласында өткен Қазақстан чемпионаты ресми түрде мәресіне жетті.

    20 салмақта сынға түскен 337 боксшы (223 ер, 124 әйел) бір апта бойы шаршы алаңда жеңімпазды анықтады.

    Нәтижесінде ерлер арасында 5 боксшы және әйелдер арасында 4 спортшы алғаш рет чемпион атанды.

    Қандай жайттар тіркелді?

    ⁃65 келіде 4 жылдан кейін Қазақстан чемпионатына қатысқан Абзал Серік (Шымкент қ) қайта топ жарды.

    ⁃54 келіде 3 дүркін әлем чемпионы, осв салмақта маусым айында Қытайда өткен әлем кубогының жеңімпазы Назым Қызайбай (Алматы қ) финалда Элина Базароваға жол берді.

    ⁃80 келіде Надежда Рябец (Қостанай обл) үшінші жыл қатарынан чемпион атанды. Ол финалда U19 санатындағы әлем чемпионатының қатысушысы Айдана Убайдуллақызын жекпе-жексіз жеңіске жетті.

    ⁃Ерлер арасында ең ауыр салмақта 3 жыл қатарынан финалдық жекпе-жек өтпеді.

    ⁃Ерлер арасында ең жас чемпион ретінде Әділбек Қожахан (18 жас) тіркелді.

    ⁃Әлем чемпионатының финалистері Виктория Графеева, Елдана Талипова мансаптарында алғаш рет Қазақстан чемпионы атағына қол жеткізді.

    ⁃Дәулет Төлемісов 2025 жылы 85 келіде топ жарса, биыл 90 келіде алтын жүлдені еншіледі.

    Ерлер

    🆕50 келі. Нұрзат Оңғаров (Жамбыл обл)

    55 келі. Нұрсұлтан Алтынбек (Қызылорда обл)

    🆕60 келі. Әділбек Қожахан (Жетісу обл)

    65 келі. Абзал Серік (Шымкент қ)

    🆕70 келі. Фарух Тоқтасынов (Алматы қ)

    🆕75 келі. Нұрбек Мурсал (Алматы қ)

    🆕80 келі. Санжар-Али Бегалиев (Шымкент қ)

    85 келі. Темірлан Мұқатаев (Астана қ)

    90 келі. Дәулет Төлемісов (Ақтөбе обл)

    +90 келі. Данияр Рахымбердинов (Алматы қ)

    Әйелдер

    🆕48 келі. Гүлназ Бөрібаева (Қарағанды обл)

    51 келі. Анита Адишева (Қарағанды обл)

    54 келі. Элина Базарова (Шымкент қ)

    57 келі. Ұлжан Сәрсенбек (Түркістан обл)

    🆕60 келі. Виктория Графеева (Алматы қ)

    65 келі. Аида Әбікеева (Қарағанды обл)

    70 келі. Бақыт Сейдіш (Алматы қ)

    🆕75 келі. Шұғыла Нәлібай (Түркістан обл)

    80 келі. Надежда Рябец (Қостанай обл)

    🆕+81 келі Елдана Талипова (Алматы қ)

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті" жаңалықтары