Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімі·Жаңалықтар мұрағаты
Ағымдағы жылдың қараша айында Әділет департаменті басшысының орынбасарының қатысуымен Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің мамандары мен Орал қалалық № 1 «Халыққа қызмет көрсету орталығының» қызметкерлеріне арналған оқу семинары өткізілді.
Семинар барысында жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, апостиль қою және АХАТ қызметтерін көрсету мәселелері қаралды.
Сондай-ақ семинарға қатысушыларға тіркеу саласында бұрын жіберілген кемшіліктерге жол бермеу қажеттігі ескертілді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









