Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімі
Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімі Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасы Конституциясын, «Әділет органдары туралы» Заңын, басқа да нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, Министрдің актілерін, Министрліктің регламентін басшылыққа алады.
Бөлімнің құрылымын, штаттық санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппенмемлекеттік органның уәкілетті лауазымды тұлғасыбекітеді.
Бөлімнің міндеттері:
- коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді, олардың филиалдары мен өкiлдiктерін есептiк тiркеуді қамтамасыз ету;
- мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;
- жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу саласындағы мемлекеттiк саясатты іске асыру.
Бөлімнің функциялары:
- коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкiлдiктерін есептiк тiркеу, сондай-ақ Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімін жүргiзу;
- жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу саласындағы мемлекеттiк реттеудi және бақылауды жүзеге асыру;
- коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді, олардың филиалдары мен өкiлдiктерін есептiк тiркеусаласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;
- азаматтық хал актілерін тіркеуді нормативтік-әдістемелік қамтамасыз ету, бақылау және тиісті дерекқордың жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
- әдiлет органдарынан және өзге де мемлекеттiк органдардан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою.
Жаңалықтар
Оқиғалар
Хабарландыру
Сұрақ-жауап
Нотариус нотариаттық іс-әрекеттер жасаудан қандай кезде бас тартады?
Егер: 1) мұндай iс-әрекет жасау заңдарға қайшы келсе; 2) iс-әрекеттi басқа нотариус жасауға тиiс болса; 3) нотариаттық iс-әрекет жасау жөнiнде қабiлетсiз азамат немесе қажеттi өкiлеттiгi жоқ өкіл өтiнiш жасаса; 4) заңды тұлға атынан жасалатын мәмiле оның жарғысында немесе ережесiнде көрсетiлген мақсаттарға қайшы келсе; 5) мәмiле заңдар талаптарына сәйкес келмесе; 6) нотариаттық iс-әрекет жасау үшiн табыс етiлген құжаттар заң талаптарына сәйкес келмесе, нотариаттық iс-әрекет жасаудан бас тартылады. Нотариаттық iс-әрекет жасауды өтiнген адамға нотариаттық iс-әрекет жасаудан бас тартылған кезде, нотариус нотариаттық iс-әрекет жасауға ол өтiнiш берген күннен бастап күнтізбелік он күн iшiнде жазбаша түрде бас тартудың себебi көрсетiлген дәлелдi қаулыны бередi.Нотариаттық iс-әрекет жасаудан бас тартуға немесе нотариаттық iс-әрекеттiң дұрыс жасалмағаны үшiн сот тәртiбiмен шағымдануға болады.
Адвокаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттаудан кімдер босатылады?
«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 39 бабының 2 тармағына сәйкес аттестаттауды өтуден келесі тұлғалар босатылады: 1) Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Біліктілік комиссиясында біліктілік емтиханын тапсырған, сотта тағылымдамадан ойдағыдай өткен және облыстық немесе оған теңестірілген соттың жалпы отырысының оң пікірін алған адамдар; 2) "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 34-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 9), 10) және 12) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша судья өкілеттіктерін тоқтатқан адамдар; 3) теріс себептермен шығарылғандарды қоспағанда, прокурор немесе тергеуші лауазымында кемінде он жыл жұмыс өтілі болған жағдайда, прокуратура және тергеу органдарынан шығарылған адамдар.
Мүліктен тыйым қалай алынады?
Берешекты өндіру туралы атқарушылық өндірісін орындау барысында, сот орындаушының қаулысымен борышкердің мүлігіне салынған тыйымды, берешегі өтілгені туралы дәлелдеме құжатынқоса жазбаша арызымен сот орындаушыға жүгіну арқылы алу мүмкін. Сонымен қатар, орындауды қамтамасыз ету мақсатында соттын ұйғарымы негізінде мүлікке салынған тыйым, тыйымды салған сотпен алынады. Сотпен мүліктен тыйым алу туралы шығарылған ұйғарымы, сот орындаушыға орындау үшін талап етіледі.
Заңды тұлғаның басшысын ауыстыру үшін қалай өтінім беруге болады?
"Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" ҚР Заңының 14-2-бабына сәйкес басшының ауысуы туралы хабарлама өтініш беру арқылы жүзеге асырылады e.gov.kz , автоматты режимде.
Алимент бойынша берешек қалай анықталады?
"Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" ҚР Заңының (бұдан әрі-заң) 99-бабына сәйкес алимент бойынша берешек мөлшерін сот орындаушысы өндіріп алу жүргізілмеген уақыт ішінде борышкер алатын нақты жалақыға (кіріске) сүйене отырып, шешімнің орындалатын жері бойынша айқындайды. Егер борышкер осы кезеңде жұмыс істемеген немесе оның жалақысын және өзге де табысын растайтын құжаттар ұсынылмаған жағдайда, ай сайынғы төлемдер және (немесе) алимент бойынша берешек берешекті өндіріп алу кезіндегі Қазақстан Республикасындағы орташа айлық жалақының мөлшері негізге алына отырып айқындалады.
Қазақстанда кім нотариус бола алады?
Қазақстанда мынадай азаматтар нотариус бола алады: 25 жасқа толған; жоғары заңдық білімі бар; 2 жылдан кем емес заңдық мамандық бойынша жұмыс өтілі бар; Нотариуста 1 жылдан кем емес мерзімде тағылымдамадан өткен; әділет аттестаттау комиссиясынан аттестаттаудан өткен; нотариаттық қызметпен айналысу құқығын алғандар.