Құрылым — Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімі

    Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімі құрылымы: ведомстволық бағынысты органдар мен ұйымдар.

    Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімі

    Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімі Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасы Конституциясын, «Әділет органдары туралы» Заңын, басқа да нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, Министрдің актілерін, Министрліктің регламентін басшылыққа алады. Бөлімнің құрылымын, штаттық санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппенмемлекеттік органның уәкілетті лауазымды тұлғасыбекітеді. Бөлімнің міндеттері: - коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді, олардың филиалдары мен өкiлдiктерін есептiк тiркеуді қамтамасыз ету; - мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру; - жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу саласындағы мемлекеттiк саясатты іске асыру. Бөлімнің функциялары: - коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкiлдiктерін есептiк тiркеу, сондай-ақ Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімін жүргiзу; - жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу саласындағы мемлекеттiк реттеудi және бақылауды жүзеге асыру; - коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді, олардың филиалдары мен өкiлдiктерін есептiк тiркеусаласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру; - азаматтық хал актілерін тіркеуді нормативтік-әдістемелік қамтамасыз ету, бақылау және тиісті дерекқордың жұмыс істеуін қамтамасыз ету; - әдiлет органдарынан және өзге де мемлекеттiк органдардан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою.

    adilet-bko