Жәнібек ауданының Жәнібек ауылындағы «Жәнібек ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің ғимаратында азаматтарға тегін құқықтық кеңес беру шарасы өтті.

    Тұрғындарды қабылдау өткізілді. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Қазталов ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі филиалының басшысы-мемлекеттік аға сот орындаушысы К.Ж.Абдуллин, Жәнібек аудандық нотариусы А.С.Исабекова, адвокат Е.Х.Шаумовтардың қатысуымен «Жәнібек ауылдық округі әкімі аппараты» ММ ғимаратында Қазталов ауданаралық мәжбүрлеп орындату бөлімі БҚО әділет департаментінің ұйымдастыруымен біріккен түрде «Тегін құқықтық кеңес беру» шарасы өткізілді. Шара аясында Жәнібек ауданының адамдарына тегін құқықтық кеңес берілді. Шара 2026 жылы 16 қазан Жәнібек ауданы, Жәнібек ауылы «Жәнібек ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-де өткізілді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімі" жаңалықтары